Шәй қалташаларын тастамаудың 8 себебі
Зеріттеулерге сүйенсек, адам қыста шәйді көп ішеді екен. Шәйді ішіп, оның иісінен рахаттанған соң оны лақтырып тастауға асықпаңыз. Оның адамға тигізер пайдасы көп. Біздің материалды оқығасын сіз оны жақсы және тиімді пайдалануға тырысасыз. Ендеше, оқыңыз.
Терінің тітіркенуі
Кез келген шәй қалташалары терінің тітіркенуі мен қабынуына өз әсерін тигізеді. Шәй қалташалары күн сәулесінің күйігінен, қабыну, дақтар мен ұшықтардан қорғайды.
Көз айналасындағы қара дақтардан арылтады
Шәй (әсіресе, көк шәй) адамды жақсы тыныштандыратын қасиеттерге ие. Егер де сіз жауып тұрған қабағыңызға сулы және салқандатылған шәй қалташаларын (мәселен, тоңазытқышта) қойып, 15 минуттай ұстасаңыз көзіңіздің айналасыңдағы қарауытқан дақтардан арылып, сергек болып қаласыз.
Тамақ дайындау барысында
Тамақ дайындау үшін балғын немесе істетілген шәй қалташаларын қолданса да болады. Күрішті қайнатқан кезде суға ақжұпарт немесе түймедақ шәйінін қалташаларын салып жіберіңіз. Тамағыңыз ерекше дәмге ие болып, әдемі әсер қалдырады. Айтпақшы, етті шәй қалташалары мен сірке суымен араластырып тұздаған дұрыс.
Жағымсыз иіске қарсы
Жағымсыз иістен құтылуға көмектесетін әрине, бұл – лимон. Алайда, кейде лимон болмаған кезде қолданылған шәй қалташаларын қолдансаңыз болады. Оны екі алақаныңыздың ортасына салып жақсылап сүртіңіз.
Көк шәйдан қалған қалташалар ауыздан шыққан жағымсыз иістен арылуға, ал қолданылған шәйдің қалташалары аяқ киімнен шығатын жағымсыз иістен арылуға көмектеседі.
Шашқа арналған
Түтіккен шаш – үлкен қалалардағы сапасыз судың нәтижесі. Егер сіз шашыңызға жарқыраған түс әрі бас терісінің тітіркенуінен арылғыңыз келсе, шашыңызды сусабынмен жуып болғасын, шәй қалташалары қосылған сумен қайта шайып тастаңыз. Бұл шашыңызға жақсы әсер етеді.
Аяқ күтіміне арналған
Шәй қалташаларынын адам денесіне тигізер пайдасы көп. Солардың бірі аяқ терісін жұмсарту. Келесі жолы, аяқ ваннасын дайындайтын кезде тазикке бірнеше шәй қалталарын салып қойыңыз. Шәй жапырағының сығындысы аяқ терісін жұмсартып, аяқтан шығатын жағымсыз иістен де арылтады.
Хош иістендіргіш
Сіз өз қолыңызбен ауа тазартқыш жасай аласыз. Ол үшін сізге шәй қалташалары мен сүйікті иісіңіз қосылған эфир майы қажет болады. Егер қажет болса қалташаның аузын жіппен байлап қойыңыз. Айтпақшы, мұндай «ауа тазартқыш» жағымсыз иістерден де арылтады. Сол үшін оны тоңазытқыштың әрбір сөрелеріне салып қойсаңыз да болады.
Өсімдіктің өсуіне көмектеседі
Егер сіз үй гүлдеріңізді суғаратын кезде суға бірнеше шәй қалташаларын салып қойсаңыз, гүлдерді инфекциялардан қорғап және оларға құнарлық беруші пайдалы заттармен қоректендірген боласыз. Шәй қалташаларын тиімді табиғи тыңайытқыш ретінде қолданасыз.