Сыра ашытқысы. Денсаулыққа пайдасы

Oinet.kz 19-02-2019 1313

Асқазаным маза бермей ауырып жүргенде ауылдағы жеңгемнен сыра ашықтысының ауруыма ем екенін естіген едім. Қолданып көрген едім көп ұзамай оң нәтижесін берді. Сыра ашытқысы тек қана асқорытуға ғана емес көптеген ауруларға және теріге өте пайдалы екен.  Себебі  оның құрамындағы ақуызында барлық танымал аминқышқылдарын кездестіруге болады.

Screenshot_21.jpg

Сыра ашытқысы сұлулықты сақтауға да жәрдемші бола алады. Әсіресе, безеу мен бөртпелердің шығуына бейім, проблемалы және майлы теріге өте пайдалы. Алдын алу шаралары үшін көбіне таблетка түріндегі сыра ашытқылары пайдаланылады: оларды ас ішу уақытында немесе астан кейін, қорабында жазылған нұсқаулық бойынша тұтынған жөн.  Сыра ашытқысының арқасында тері жұмсарып, жасару мен регенерация процесі іске қосылып, безеулер кетеді. Егер  тырнағыңыз бен шашыңыз зақымданса  осы өнімді қолдансаңыз олар өңделіп, жылтырайды және қатаяды.  Бұл өнімнен жасалған маскалар өте тиімді саналады. Мысалы, құрғақ сыра ашытқысын алып, 10 грамм ашытқан қырыққабаттың суында ерітіңіз. Масканы бетіңізге жағып, 10 минуттай ұстаңыз. Бұл ерекше қоспа безеу, терінің қабынуы мен майлылығын жақсы кетіреді. Сонымен қатар теріні жасарту үшін де арнайы маска бар. Ол үшін: құрғақ сыра ашытқысы (10 г); ақ балшық (5 г); лимон шырыны; жұмыртқаның ағын дайындаңыз. Алдымен ашытқы мен балшықты араластырып алыңыз, кейін шырын мен жұмыртқаның ағын қосыңыз. Тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін бұл масканы екі айдай, аптасына бір рет жасап тұрыңыз. Шаштың түсуінің алдын алатын мына масканы жасасаңыз болады: бір үлкен қасық сыра ашытқысына 1 стақан жылы сүт қосыңыз. Қоспаға зәйтүн майын және жұмыртқа қосыңыз. 15 минутқа жылы жерге қойып қойыңыз. Масканы шаштың түбіріне жағып, басыңызды целлофанмен орап, сыртынан жылы орамал байлаңыз. 20-30 минут ұстаған соң жуып тастаңыз. Сыра ашытқысынан дайындалған маска қайызғақтан арылуға көмектеседі. Ол үшін 1 үлкен қасық ашытқыны бір стақан айранмен араластырып, жылы жерге қойып қойыңыз. Бұл масканы аптасына 1-2 рет пайдаланыңыз. 

Жоғарыдағы маскалардың барлығын қолданып көргенмін. Сондықтан сіздерге де пайдалануға кеңес беремін.

Әскери адамға тұрмысқа шығатын қыздарға
Қалай ақша жинауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу