Ашуды қалай тез басуға болады?

Oinet.kz 31-10-2019 3068

Жұмысыңыздағы сәтсіздік, үйіңіздегі мәселелер, отбасындағы қиындықтар мен келіспеушіліктер – мұның бәрі де жүйкенің жұқаруына алып келетін факторлар. Соның әсерінен адам ашушаң болып, сіркесі су көтермей, болмашыға ашуланып кетеді. Соның кесірінен жақындарына ауыр сөздер айтып, жанын жаралап алуы да ғажап емес. Сондай жағдайда ашуды қалай басуға болады? Қалай тез сабырға келуге болады?

20823-6-ashu_d_shpan__ru.jpg

1-тәсіл: Тыныштандыратын тыныс алу жаттығуларын жасау

Биохимиктер тыныс алу жиілігі мен адам эмоциясы арасындағы байланысты анықтаған. Ашу, күйзеліс, қобалжу секілді эмоциялар кезінде тыныс алу жиілігі артады. Егер осы жиілікті азайтып, тынысымызды басқарсақ, жай және терең тыныстау сабырға келуімізге бірден-бір көмек.

2-тәсіл: Түстердің әсері

Адам эмоциясына айналасындағы түстердің де әсері бар. Адамның байсалдылығына көк және ақ түстер септігін тигізеді. Сондықтан мамандар үйіңізді, бөлмеңізді ашық көк, ақ түске бояуға кеңес береді. Алайда қатты ашулы кезіңізде бірден сол түстерді іздеу қиын. Сондықтан ондай жағдайда телефоныңызға қарауды кеңес береді. Себебі одан сәуле көкшіл шығады. Онымен қоса телефонға қарасаңыз ойыңыз да бөлінеді.

3-тәсіл: Тыныштандыратын дыбыстар

Егер соңғы уақытта өзіңіздің ашушаңдығыңызды байқасаңыз, тыныш жерде терең тыныстап, табиғат дыбыстарын не болмаса интернет желісінен арнайы миды тынықтыратын дыбыстар немесе әуендер тыңдаңыз. Сіздің тыныштығыңызға қоршаған ортаңыздың кедергі келтірмеуіне мән беріңіз. Себебі ол күйзелістен арылуға көмектесу орнына, керісінше үдетіп жіберуі әбден мүмкін.

4-тәсіл: Ароматты майлар

Адам эмоциясына түстерден бөлек иістің де әсері бар. Гүлшетен, лаванда, иланг-иланг эфир майлары қан қысымын төмендетіп, тынысты баяулатуға, сабырға келіп, болған жағдайды қайта ой елегінен өткізуге септігін тигізеді.

5-тәсіл: Назарын өзге жұмысқа аудару.

Қыздар үшін таптырмас тәсіл – маникюр жасау. Бірқалыпты және зейінді қажет ететін жұмыс біздің бар назарымызды өзіне аударып, сабырға келуімізге көмектеседі. Сондықтан нәзік жандыларға ашу кезінде шкафты реттеу немесе ыдыс-аяқ жуу сияқты жұмыстар, ал мықты білек иелеріне көлік немесе басқа да техникаларды жөндеу секілді жұмыстар ұсынылады.

Ал ең бастысы, ашу – дұшпан, ақыл дос екенін есте ұстаңыз. Кез келген жағдайда сабыр етіп, Аллаға шүкір етуді ұмытпаңыз. Себебі Алла сабырлыларды жақсы көреді!

Бойжеткенмен сөйлесу барысында қандай тақырыпта сөз қозғаған дұрыс?
Альфонс жігітті қалай танимыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу