Зеріккенде немен айналысуға болады?
1. Тамақ әзірлеңіз.
Иә, ішіңіз пысып, зеріккенде сізден өткен еріншек жоқ. Алайда сіз орныңыздан түрегеліп осы бір қызықты іспен айналысып көріңіз. Сіз айналаңыздың бәрін ұмытып, жұмыстың қызығы мен шыжығына кіріп кететініңізге кепілдік береміз. (негізі бермейміз)
2. Сұлулықпен айналысыңыз.
Ішіңіз пысқанда тағы бір айналысатын қызықты дүние ол өзіңізбен айналысу. Көптен бері кейінге қалдырып жүрген маска жасаңыз. Ыстық ванна қабылдап, иісмай жағыныңыз. Немесе кешкілік мэйк-ап жасап, суретке түсіңіз. Бұл іс те сізді өзіне баурап алатыны сөзсіз.
3. Фильм қараңыз.
Достарыңыздан қызықты фильм кеңес беруін өтініп, жаныңызға ләззат сыйлайтын данрдағы, өзіңізге қызықты фильмді таңдап алып, жайланып қарасаңыз болады.
4. Бірнәрсе жасап, жаттығыңыз.
Миыңызды қызықты істермен, әсіресе өзіңізге қызық хобби түрлерімен шұғылдандырыңыз. Мәселен билеу, ән айту, кітап оқу, компьютерлік ойын ойнау, спортпен шұғылдану. Бастысы сізге таңсық нәрсемен шұғылдану.
5. Бөлмеңізді ретке келтіріңіз.
Нақ өзі. Дәл осы үй жинау процессі кезінде көпшілік әйелдер, жәй жатқан кездегіден көбірек ойлана алады, оның үстіне бұл барып тұрған спорт.
6. Өзіңіз көп мән бере бермейтін жерлерді жинастырыңыз.
Мәселен ол кітап шкафының жоғарғы сөресі, ыдыс-аяқ сақтаулы тұрған жәшік немесе сіздің киімдеріңіз жинаулы (немесе жиналмай) тұрған гардероб болуы мүмкін. Ол жерлерді жинау арқлы сіз өзіңізге әлдеқашан ұмыт қалған заттарды табуыңыз мүмкін.