1 доллар - 1500 теңге?

Oinet.kz 21-01-2026 52

Қоғамда төл валютамыздың болашағына қатысты пікір-талас күшейіп отыр. Ел-жұрт «теңге құлдырап кетпесе екен» деп іштен тынып отырғанда кейбір сарапшылар күштеп болса да девальвация жүргізу қажеттігін алға тартуда.  

image.png  

Күні кеше өткен Ұлттық құрылтайда Экономикалық саясат институтының директоры, ҚР президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қайырбек Арыстанбеков  теңгені девальвациялауды ұсынды. Оның айтуынша, теңгені кезең-кезеңімен ақырындап құнсыздандыру ұлттық экспортты ынталандыруға сеп бола алады. 

       "11 айдың қорытындысы бойынша бізде экспорт көлемі 4,2%-ға қысарды, ал импорт, керісінше 4,5%-ға өсті. Біз өз дәлелдерімізді алға тартуға дайынбыз. Кезең-кезеңімен ақырындап девальвация жасауға жағдайлар туындап отыр. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша біздің тапшылығымыз 7 млрд долларды құрады. Біз ЕАЭО-да инфляция бойынша көшбасшы болып табыламыз", - деді Арыстанбеков.

Бұл тақырып жөнінде жуырда тағы бір  белгілі экономист Айдархан Құсайынов  та пікірін ортаға салып, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамын үш есе құнсыздандырып, 1500 теңгеге дейін жеткізу керектігін мәлімдеді.  Осыдан бірнеше жыл бұрын да «теңгенің долларға шаққандағы бағамын 1000 теңгеге жеткізу керек» деген ұсыныс білдіргені белгілі. Бұл позициясын «теңгенің бағамы қолдан жасалып отыр, шынайы нарықтық бағамы қазіргіден әлдеқайда төмен» деп түсіндіреді. 

Бұл қадам тым радикалды қадам сияқты көрінеді. Белгілі сарапшы Андрей Чеботарев мұндай ұсынысты «экономикалық терроризм» деп бағалап отыр.   Оның айтуынша, ұлттық валютаны бұлайша құнсыздандыру елдің теңгеге деген сенімі жоққа шығарып, мемлекет  гиперинфляцияға ұрынады.  «Қазақстанның халықаралық рейтингісі күрт нашарлай түседі. Инфляция 70 пайызға дейін секіруі мүмкін. Бұл нағыз сілкініс пен инфляциялық шок. Одан кейін тауарлардың бағасын реттеуге шама келмей қалады. Барлық заттардың бағасы үш есеге дейін өседі» деп ескертеді қаржыгер. 

 Айта кетейік, Қазақстан экономикасын дамытудың базалық сценариінде американдық валютаның 2026 жылғы бағамы 535 теңге көлемінде жоспарланған. 

МӘМС қоры Қаржы министрлігіне өтеді: Президент шешімді дұрыс деп атады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу