Өгіз бордақылап, табыс табуда

Oinet.kz 01-12-2024 73

image.png

Сайрамдық Алимжан мен Бахтияр Шадықұловтарға тиесілі "Шош" шаруақожалығы ірі қараны бордақылау ісімен айналысады.  Кешеннің аумағы 70 соттық жерді құрайды.  Бұл кешенде ірі қараны бордақылауға қажетті барлық жағдайлар жасалыныпты. Мұнда бүгінде 200-ден астам өгіз бордақыланған. Сонымен қатар, сәуір айынан қара күзге дейін жылқы малы да бордақыланады екен.

Бүгінде кәсіпкерлер Алимжан мен Бахтияр ірі қаралардың етін Жамбыл облысы, Алматы қаласы мен Өзбекстан Республикасына базардағы нарықтан 50-100 теңгеге арзанға саудалап жатқанын, сондай-ақ жергілікті ет сою орындары да өнімін жоғары бағамен сатып алатын көрінеді. Сондықтан, олар өз өнімдерін өткізуден ешқандай қиыншылық көрмейді.

Ал жеке кәсіпкер Абдуваид Абдурахманов 50 бұқаны бордақылауда. Отбасымен осы шаруаны қолға алған кәсіпкердің айтуынша, етті  Алматыдан келіп алып кетушілер көп. Етке сұраныс бар, алушы іздеп әуре болмайтын Абдуваид жазда 50 малдың азығын, яғни шөп дайындауға 700-800 мың теңге жұмсайды екен. 

Айта кетейік, биылғы жылы 9 айда аудан бойынша барлығы  203,1 миллиард теңгеге жалпы өнім өндіріліп, өсім 119,2 пайызды құрады (былтырғы жылдың 9 айында 170,4 миллиард теңге). Жалпы өнімнің 53,5 пайызы ауыл шаруашылығына, 20,2 пайызы өнеркәсіп саласына, 17,5 пайызы сауда, 8,8 пайызы құрылыс саласының  үлесінде.

Жалпы өнімнің 108,7 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығында өндіріліп, шаруалардың еңбекқорлығының арқасында өнім көлемі 2023 жылдың есепті кезеңімен  салыстырғанда нақты көлемі индексі  129,8  пайызға артып отыр. Облыстық «Алтын күз-2024» іс шарасында ауданымыз Агроөнеркәсіп кешен көрсеткіштерін орындаудан  1 орынды иеленді. Сонымен қатар, ет өндіруден және қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан атанды.

Егін шаруашылығында 46,4 миллиард теңгенің, мал шаруашылығында 61,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Биылғы жылы 52,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жоспар орындалды (24,6 мың га дәнді және бұршақты дақылдар, 6,3 мың гектар майлы дақылдар, 11,6 мың гектар мал азықтық дақылдары, 5,8 мың гектар көкөніс, 3,9 мың гектар  жерге картоп). Жыл басынан 35,4 мың тонна ет, 106,5 мың тонна сүт өндірілді.

Халқы еңбекқор ауыл
Сайрамда ТОП-5-ке кіретін мал сою кешенінің әлеуеті жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу