Сайрам ауданындағы ауылдарға газ жеткізуші құбырлары іске қосылды
«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт және оған іргелес жатқан Төлеби ауданына тиесілі Мәдени-Сарқырама ауылдарына жеткізуші газ құбырын тартты.
Тұрғын үйлерге табиғи газ желілерін жеткізу салтанатты рәсіміне «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Түркістан өндірістік филиалының басшысы Абилдиев Ақылбек «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Сайрам аудандық газ шаруашылығының директоры Мақсат Тұрымбетов, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аталған ауылдарға көгілдір отынды Самсоновка газ тарату станциясынан (ГТС) СТ Ду-159мм жоғары қысымды газ құбыры төселді. Нәтижесінде 580 тұрғын үй көгілдір отынды үздіксіз пайдаланатын болады. Оның ішінде, табиғи газды тұтынушылар Қарамұрт ауылында – 165, Мәдени-Сарқырама ауылында – 415-ті құрап отыр.
Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышымен бөліскен «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров салтанатты рәсімнің лентасын қиды. Газ мамандарының басты міндеті – жергілікті халықтың сапалы өмір сүруіне жайлы жағдай жасау екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқанын айтты.
Ауыл ақсақалдары халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту мақсатында газдандыру жұмысын жүргізген мемлекетке, аталмыш компания мен облыс, аудан басшылығына алғыстарын білдірді.
Газ мамандары тұтынушыларға табиғи газды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сайрам ауданы халық саны жағынан үлкен аудандардың бірі. Ауданда инфрақұрылым жүйелерін қажет ететін жаңақұрылыс аумақтары өте көп. Сондықтан да, ең алдымен халық көп шоғырландырылған аумақтардың инфрақұрылым мәселесін шешуге басымдылық берілуде.
Биыл инфрақұрылым жүйелерімен қамту бойынша 16 нысанға 1,2 миллиард теңге бөлініп, 163 гектар жер аумағына инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде (Қарасу-106,2 гектар, Қосбұлақ- 24,8 гектар, М.Оразалиев-10,06 гектар, Қожақорған-22 гектар жер телімдері). Оның ішінде, 6 жоба ауыз суға, 4 жоба табиғи газға, 5 жоба электр желілерін жүргізуге, 1 жоба жол құрылысына қатысты жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылдың 9 айында 4 нысан пайдалануға берілді ( Қарасу 50,0 гектар- газ 29.07.2024 жылы, Оразалиев 10,06 гектар газ, электр желісі 30.07.2024 жылы, Қосбұлақ 24,8 геатар электр желісі 22.08.2024 жылы)
Тұрғындармен кездесуде және жеке қабылдауларда жиі толғандыратын мәселелердің бірі – тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторлар. Сайрам ауданындағы барлық 42 елді мекен орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Электрмен жабдықтау жүйелерін дамыту іс-шарасы бойынша 2,6 миллиард теңгеге 8 елді мекеннің электр жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Арыс ауыл округі Қожақорған, Нұржанқорған ауылдарына электр жүйелерінің құрылысына жобалық құжаттамалар әзірленді, құны 286,2 миллион теңге.
Халықты таза ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы тұрақты бақылауда. Биыл 221,4 миллион теңгеге 9 елді мекеннің (Көлкент, Қосбұлақ, Низамабад, Ошақты, Сарыарық, Теспе, Тоған, Ханқорған, Қасымбек Датқа) ауыз су жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде. 100 миллион теңгеге Жібек жолы ауылының су құбыры желісі күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, тұрғындардың 80 пайызынан астамы құдық суын пайдаланып отырған Қарабұлақ ауылына (10606 тұрғын үйдің 8697-і (82 пайызы) құдықтан,1909-ы су ұңғымасынан су алады) құны 9,3 миллиард теңгеге құжаттама әзірленіп, биыл 500 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Ал, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарына (1865 тұрғын үйдің 1500-ы (80,4 пайыз) бұлақ, құдықтан, 365 үй су ұңғымасынан су алады) құны 3,0 миллиард теңгеге су жүйелері құрылысына жобалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға жоғарғы бюджетке ұсынылды.
Табиғи газбен қамту үшін өткен жылы 1,5 миллиард теңгеге 6 елді мекеннің газ жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, Ақарыс, Оймауыт, Ақсуабад ауылдарының құрылысы аяқталған болатын. Газ құбыры жүргізілген Ақсуабад, Шапырашты, Береке (1200 абонент) елді мекендері көгілдір отынға қосылып, нәтижесінде, аудан бойынша 37 елді мекен табиғи газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 81 пайыздан 88 пайызға жетті. Биыл Құтарыс пен Қызылжар және Көлкент елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2025 жылға өтпелі.
Аудан аумағында 1 298 шақырымды құрайтын жолдар болса, оның 70 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биылғы жылы 2,4 миллиард теңгеге жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтеді (401,3 миллион теңге .-2 жол күрделі жөндеу, 1,9 миллиард теңге.- 58 көше орташа жөндеу.,30,0 миллион теңге. - 5 көше ағымдағы жөндеу). Нәтижесінде, ішкі жолдардың қанағаттанарлық үлесін 72,8 пайызға жетпек.
Ағымдағы жылы аудан орталығын абаттандыру жұмыстары қолға алынуда. Ақсу ауылындағы Абылайхан көшесін абаттандыру мен қайта құру, Мәртөбе гүлзарын қайта жаңарту, Ынтымақ гүлзарын қайта жаңарту және Қ.Жандарбеков көшесіндегі Арбат құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына сәйкес Ұлттық жобалар бойынша 2024 жылға 4194 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 9 айда 3667 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылып, жылдық жоспар 87,4 пайызға орындалды. Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бастамасымен жаңа жұмыс орындарын ашу іс-шарасында 1935 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, 9 айда 1781 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында биыл 9 айда жұмыспен қамту шараларына 10 877 азамат тартылып, жылдық жоспар 95 пайызға орындалды (жоспар 11 497 адам). Оның ішінде 1038 адам жастар практикасына, 1400 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 427 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 168 адам алғашқы жұмыс орындарына, 194 адам «Күміс жас» жобасына тартылып, 9 айдың жоспары орындалды. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздықұрады.
Білім беру саласында ауданда 98 білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оның 74-і мемлекеттік мектеп болса, 24-і жекеменшік мектептер. Жаңа оқу жылында Қарабұлақ ауылында 500 орындық 1 жекеменшік мектеп іске қосылды. Үш ауысымды мектептің мәселесін шешу мақсатында биыл, Манкент ауылында 600 орындық Айнабұлақ атындағы жалпы орта мектептің құрылысы аяқталады. Әсіларық ауылында орналасқан Уәлиханов орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасымен 2024-2025 жылдарға Ақсу ауылынан 600 орындық 1 мектеп бой көтереді, биылғы жылы мектеп құрылысы басталды.
Денсаулық сақтау саласында ауданда медициналық көмек көрсететін 41 мекеме жұмыс жасауда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жоба аясында Ақбастау, Аққала, Құтарыс (құны 278,9 миллион теңге) ауылдарында 3 дәрігерлік амбулатория құрылыстары басталды. Сонымен қатар, Орталық аурухана ғимараттарын күрделі жөндеуге құны 3,3 миллиард теңгеге және Қарабұлақ аудандық ауруханасын күрделі жөндеуге құны 3,1 миллиард теңгеге жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған. Бүгінгі таңда орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Жалпы ауданымызда 32 мәдениет ошағы мен 406 спорт нысандары бар. 2024 жылдың 9 айында мәдениет саласы бойынша 216 іс-шара, спорт саласы бойынша 111 спорттық іс-шара өткізілді. Аудан спортшылары республикалық және облыстық жарыстарда спорт түрлері бойынша 22 алтын, 27 күміс, 40 қола медаль жеңіп алған. Биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен Қарасу ауылында 682,4 миллион теңгеге спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, нысан 2025 жылға өтпелі. Ақсу ауылындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті.