Сайрам ауданы облыс бойынша ет экспорттаудан көш бастап тұр
Түркістан облысында асыл тұқымды мал санының көбеюіне байланысты ет экспортының әлеуеті артты. Сайрам ауданының шаруалары ішкі нарықтан бөлек 16 мың тоннаға жуық етті көрші елдерге саудалаған. Еліміз ауыл шаруашылығының осындай мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналуды стратегиялық мақсат етіп отыр. Жалпы Сайрам ауданы обылыс бойынша ет экспорттаудан көш бастап тұр.
Аудандағы ет комбинатында күніне 100-ден астам ірі қара сойылады. Өнім негізінен Алматы мен Астана қалаларына жіберіледі. Сонымен қатар іргедегі Ресей мен Өзбекстан секілді елдерден де сұраныс көп. Сондықтан қасапхана бүгінде толықтықтай экспорттық талапқа сай жабдықталған.
«Өзбекстан Республикасы біздің әлеуетті тұтынушымыз. Сол елмен 20 мың тоннаға келісімшартымыз бар. Жылына 4-5 тоннаға дейін ет өнімін мығарып беріп отырамыз»,- дейді ет комбинатының атқарушы директоры Мақсұт Тышқанбаев.
Бұл цех 2016 жылы іске қосылған. «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы қаржыландырылған. Жылына 6000 тонна ет өнімдерін өндіреді. Қазір мұнда 45 адам жұмыспен қамтылған. Қасапшылар шетелден арнайы шақыртылыпты.
Сайрам ауданында қазір 1 мыңнан астам шаруашылық мал бордақылау кәсібімен айналысады. Олар биыл төрт түлік пен құс етін қосқанда 32 мың тонна ет сатқан. Бұл ауданда мал азығын дайындайтын кәсіпорындардың ашылуына негіз болды. Жем шығаратын цехтар кооперацияға бірігіп, мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып келеді.
«Басында 4 астық сақтау қоймасын соқтық. оған субсидия алдық. Сонан соң зауыт салынды, оған да субсидия алдық. Өткен жылы кептіретін аппараттар алдық. Былтыр оған да субсидия алдық»,- дейді цех басшысы Акбар Мырзакәрімов.
Айта кетейік, Сайрам ауданындағы Манкент ауылында «Kaz Eco Meat» ЖШС-ң ірі ет комбинаты ашылмақ. Кәсіпорын тәулігіне 500 ірі қара мал мен 600 ұсақ малды сойып, етін экспортқа шығаруға ниетті. Сонымен қатар, келесі жылы серіктестіктің 5 000 бас малға арналған бордақылау алаңы бой көтереді. Жалпы ет комбинатының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, 2025 жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі.
Кәсіпорын иесі Абдурасул Сайдановтың сөзінше, өндірілетін еттің 70 пайызы Өзбекстан, Қытай, Иран елдеріне экспортталады. Сондай-ақ, өндіріс орнында ешқандай қалдық қалмай, малдың басынан бастап, ішек-қарын, сирағы мен сүйегіне дейін пайдаға асады. Сонымен қатар, ет комбинатында түрлі ет өнімдері дайындалып, барлық жұмыстар санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Жалпы ауданда 1038 мал бордақылау орыны бар. Онда бір мезгілде 42 мың бас мал бордақыланады.
Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешін дамыту үшін Сайрамда арнайы индустриалды аймақ жасақталмақ. 90 гектар жерге ет пен сүт өңдейтін кәсіпорындар және құс фермалары салынатын болады.
Түркістан облысында сондай-ақ балық өсіру ісі де жанданып келеді. Өңірлік бағдарлама бекітіліп, осы іспен айналысаты шаруашылықтар саны 220-ға жетті. Биыл 2 жарым мың тонна 2 жырым мың тонна балық етінің 80 пайызы экспортқа шығарылған.