Қарабұлақта өндірістік алаң салынбақ

Oinet.kz 07-09-2024 21

image.png

Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округі - тұрғындары ең тығыз және демографиялық өсімі жоғары аймақ болып саналады. Мұнда  кәсіптік сала қарқын алған. Жыл басынан бері экспортқа шығаратын еттің көлемі 3,5 мың тоннаға жеткен. Яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 500 тоннаға артық. 

 «Қарабұлақ Қазақстан Республикасы бойынша ең үлкен ауыл болып саналады. Президентіміз айтып отырған халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша атқарып жатқан жұмыстарымыз да аз емес.  Қарабұлақ - өзін өзі жұмыспен қамтыған ауыл деп айтсақ болады. Халық диқаншылықпен, мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы тұрғындар кәсіпкерлікке жақын. Қарабұлақ ауылдық округінің бас жоспарына өзгертулер енгізіп отырмыз. Атап айтар болсақ өнеркәсіп аймағын белгілеп отырмыз.  Округте мал сою алаңдары өте көп. Олар елді мекендердің ішінде қалып кеткен. Соларды ауыл-аймақтың ішінен өндірістік аймаққа көшіруді жоспарлап отырмыз. Әрине аймақ елді мекендердің сыртында орналасады және онда әлеуетті 2 мың  3 мың мал бағып отырған кәсіп иелерін  орналастырамыз. Мал бордақылап, союмен айналысатын кәсіпкерлер де қазір бізден жер телімдерін сұрап жатыр. Сосын бізде сүт өнімі, ет өнімі  жеткілікті. Көкөніс пен арпа, бидай да жеткілікті. Қазір бізде  ет өнімдерін бүкіл Қазақстанда жөнелтіп отырған ірі кәсіппкерлік нысындар жеткілікті. Шаруаларымыз  етті Өзбекстанға да экспорттап отыр.  Алайда ет өнімдерін консервілеу зауыты жоқ.   Сондықтан біз өндірістік алаңға біраз кәсіпкерлерді шақырдық. Алаңның артықшылығы көп болады. Біраз салықтардан босатылады, төмендетіледі. Инфрақұрылымы болады, электр жарығы, су газ секілді коммуналдық шығындары да төмен тарифпен есептелетін болады. Со себепті өнеркісіпті алаңға кәсіпкерлерді тарту ыңғайлы болады. Алаңға кәсіпкерлер келіп кәсіптерін жүргізетін болса, халыққа да жұмыс орындары ашылады деген сөз. Қарабұлақта қазір жылына 15 мың тоннада артық сүт өнімдері шығады. Әр үйде 2-3 сиыр бағылады. Міне осы балғын сүттер көршілес Ақсукент ауылдық округінде орналасқан «Эмир» сүт өңдеу  зауытына өткізеді. Ал егер осы сүт өңдейтін зауыт өзімізде болса тіппен керемет болар еді. Сол секілді бізде ет көп болғанымен шұжық шығаратын зауыт жоқ. Өнеркәсіп аймағы ашылатын болса осы сүтті қайта өңдеу, етті өңдеу кәсіпорындары ашылады деп отырмыз. Азаматтарымыз шығарып отырған шикізатты бағалы құнға сатуға да мүмкіндік болар еді. Мұның өзі халықтың әл-ауқатын түзеуге, көтеруге септігін тигізбек. Жоғарыда айтқандай округтің бас жоспарына өзгеріс енгізуге бюджеттен 45 миллион теңге бөлініп отыр. Бас жоспарға сәйкес келесі жылы өндірістік аймақта инфрақұрылым жүргізілсе, 2025 жылдың соңында біз инвесторларға жер телімдерін ұсына аламыз. Ауылшаруашылығын өндіру  саласы бойынша ауданда көш бастап тұрған ауылдардың біріміз.  Қазір шаруалар су үнемдеу технологиясына көшіп жатыр. Осы арқылы өнімділікті ұлғайтамыз деп отырмыз»,  - дейді Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Камилжан Абдилахатов.

     Қарабұлақта кәсііпкерлердің саны жылы санап  артуда. Әсіресе жеке клиникалар көптеп ашылып жатыр. Өткен жылы 1 клиника өз жұмысын бастаса, биыл 2 жеке кәсіп иелері  клиника ашқан.  Жалпы  бұл ауылда  бос адам жоқ.  Бәрі  дерлік кішігірім болса да бизнес дөңгелетіп отырған жайы бар.  

Балық өсір пайдасы оның көл көсір
Әкім цех жұмысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу