Әкім цех жұмысымен танысты

Oinet.kz 10-10-2024 39

image.png

Сайрам ауданының  әкімі  Арман Сәбитов Сайрам ауданына қарасты  Манкент ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.  Кездесу барысында алдымен сүт өнімдерін өндейтін «YUG-GROUP-INVEST» ЖШС цехының жұмысымен танысты. Мұнда қазіргі таңда сүттің жетіспеушілігі жайлы өзекті мәселені талқылады. 

Бүгінде Надыр Читилов басқаратын бұл кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында 1,0 гектар аумақта іске қосылған болатын. Аталмыш өндіріс орны аймақ халқының денін «Эль-Дениз» маркасымен дайындалатын чичель, сары май, брынза, сыр, 2,5 пайыздық йогурт айран секілді сүт өнімдерімен қамтып отыр. Ал, түркиялық құрал-жабдықтар арқылы өнімнің табиғи құнарын сақтау үшін 20 адам жұмыспен қамтылған. 

Аудан басшысы кездесу кезінде бүгінгі көкейкесті мәселенің шешімін табу жолдары қарастырылатынын айтты. Ол үшін шаруалар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген шағын несие ала отырып, сүттің өзін өндіру арқылы өнімдерін көбейту керектігін жеткізді. 

Айта кетейік, жалпы жылына 9600 тонна өндірілетін сүт өнімдерінің 70 пайызы - ішкі нарыққа, 30 пайызы сыртқы нарыққа жөнелтіледі. 

Қарабұлақта өндірістік алаң салынбақ
Сайрам озат аудан атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу