Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі. Жалпы референдумға қатысқан кәсіпкерлер, шаруалар, кеншілер, жұмысшылар, жастар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар да экономикасы дамыған елде өмір сүргісі келетіндігі, оның кілті энергетикалық тәуелсіздік екенін және бұл үшін АЭС салу қажет екенін жақсы түсінеді. Осы ретте түркістандықтар 6 қазанда өткен жалпыхалықтық референдумға белсене қатысты.
Елдің болашағы үшін өткізілген жалпы референдум өз мәресіне жетті. Мемлекет тарихында төртінші рет өткізілген референдумға дауыс беру құқына ие 12 284 487 Қазақстан азаматының 63,66 пайызы, яғни 7 820 204 адам таңдау жасаған. 5 561 937 адам АЭС құрылысын қолдаған, 2 045 271 адам қарсы шыққан. Ел бойынша Түркістан облысы дауыс берушілердің жоғарғы көрсеткіші бойынша үздік үштікке енді. Өңірдегі жалпы саны 945 дауыс беру учаскеселерінде азаматтардың саяси науқанға қатысуы үшін толық жағдай жасалды.
Осынау маңызды оқиғада өз таңдауын жасаған мемлекет басшысы да журналистердің сауалына жауап бере отырып бұл референдумның маңызына тоқталды. «Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, республика бойынша Түркістан облысы екінші орында, яғни мұнда дауыс берушілердің 75,31 пайызы өз таңдау жасаған. «Түркістан облысының тұрғындары АЭС салуға қатысты референдумда белсенділік танытты. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Ал бұл – саяси өзгерістерге қатысы жоқ алғашқы референдум болды. Референдум күні Түркістан облысында 1 миллион 180 мыңнан астам дауыс беру құқығын иеленді. Өңірдегі 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы №133 учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен еді. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеді. Сондай-ақ 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұрды», - дейді төраға.
Кеше 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды. 6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Жалпы референдум қорытындысы бойынша өз ойын білдіру үшін сөзге Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев тартқан едік.
- Exit poll қорытындысы бойынша Қазақстандықтардың АЭС бойынша референдум бойынша Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстандықтардың референдумға қатысуға құқығы бар 12 284 487 Қазақстан Республикасы азаматының 63,66 пайызы өз таңдауын жасап, дауыс берсе, оның ішінде 5 561 937 адам (71,12%) референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берді. Ал, 2 452 071 азамат қарсы дауыс берген.
Бұл – халықтың өз таңдауы. Менің түсінгенім, АЭС арзан электр энергиясын өндіреді. Бұрын оның құрылысынан бас тартқан көптеген еуропалық елдер қазір құрылыс мәселесіне қайта оралуда. Газ және көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын пайдалану экологияға зиян тигізеді, ал электр энергиясының өзі, яғни оның өнімі қымбат. Қазақстанда АЭС салу-өте қажет және маңызды іс. Өйткені, содан кейін бізде электр қуаты мол болады және біз қазіргідей басқа елдердің жеткізушілеріне тәуелді болмаймыз. Біздің еліміз-үлкен, бай, тез өсіп келе жатқан, өндірістік қызмет үшін, жаңа кәсіпорындар құру үшін, жалпы, біздің одан әрі өркендеуіміз үшін көп электр энергиясы қажет.
Референдум нәтижелері халықтың мемлекеттік саясатқа деген сенімін арттырды. АЭС құрылысы туралы кең ауқымды ақпараттық түсіндіру нәтижесінде азаматтар атом энергетикасының қазіргі заманғы технологиялары мен жоғары қауіпсіздік стандарттары туралы толық мәлімет алды. Бұл референдум тек қана энергетика саласындағы шешім ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның болашағы үшін жаңа кезеңнің басталуы болып табылады, - дейді Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев.