Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы ауыл әкімдерін сайлаудан бастау алары анық. Бүгінгі таңда Павлодар облысы Павлодар қаласының, Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл және Тереңкөл аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары 2024 жылдың 28 шілдесіне ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді белгілеп отыр.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Людмила Кабанцованың айтуынша, сайлауға Павлодар облысының Павлодар қаласының Мойылды, Аққулы ауданының Қызылағаш, Ақтоғай ауданының Ақжол, Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ және Тереңкөл ауданының Алтай ауылдық округтері енген. 5 ауданның 5 ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталып, сайлауға түсетін үміткерлердің есімдері жарияланды.
- Бүгінгі күні Павлодар қаласы Мойылды ауылының әкіміне 3 кандидат ұсынылып отыр. Оның бірін Amanat партияcы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Бірінші кандидат – округтің әкімі Жеңіс Сартайұлы Әбікен. 1975 жылы дүниеге келген оның кандидатурасын Amanat партияcы қолдап отыр. Екінші кандидат – Асхат Қамзаұлы Бейсенов. 1995 жылы туған ол Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ал үшінші кандидат – Еркебұлан Мұхажанұлы Тезекбаев. 1984 жылы туған ол уақытша жұмыссыз. Бұл екеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Үміткерлердің барлығы да жоғары білімді. Кандидаттар белгілі. Ендігі кезекте біз учаскелік сайлау комисиясымен жұмыс істеп, комиссия мүшелерін оқытып, біліктіліктерін шыңдаудамыз. Өйткені сайлауды алдыңғы сайлаулар сияқты жауапкершілікпен өткізі күн тәртібінен түскен жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлаушыларды тіркеу, азаматтардың жауапкершілігі, сайлаушылардың тізімі, дауыс беру тәртібі бәрі-бәрі оқыту-семинары барысында айтылып, түсіндірілуде, - дейді Людмила Кабанцова.
Ал Аққулы ауданының Қызылағаш ауылдық округі округі бойынша да тіркелген кандидат саны үшеу. Барлығы да әйел азаматтар. Екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партиялар тарапынан ұсынылып отыр. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі Айгүл Амангелдіқызы Ажикенова. 1991 жылы туған ол Аққулы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді. Екінші кандидат, 1996 жылы дүниеге келген, Ямышев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Назира Қуатқызы Темірболат. Үшінші кандидат 1977 жылы дүниеге келген, Аққулы ауданы әкімі аппаратының бас маманы Динара Табылдықызы Калиакпарова. Оның кандидатурасын Amanat партиясы ұсынған.
Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылдық округі бойынша екі кандидат тіркеліп отыр. Мұнда Amanat партиясы 1985 жылы дүниеге келген, Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дүйсен Насипұлы Кашарбековтың кандидатурасына қолдау білдіруде. «Осы округте жұмыс істеген ол ауылдың жағдайын жақсы біледі, елмен тығыз жұмыс істейді» деген сенімде партия өкілдері. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың есімі Бекболат Шарапиденұлы Жакенов. 1990 жылы дүниеге келген ол Баянауыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
Тереңкөл ауданының Алтай ауылдық округіне тоқталар болсақ, округінің әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылған. Ұсынылған кандидаттың екеуі өзін-өзі, ал біреуі партия тарапынан ұсынылған. Amanat партиясы оуругтің әкімі Алтынай Қаирбекқызы Дюсембаеваны қайта ұсынуда. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі – Тереңкөл ауданы әкімдігінің «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары Данияр Болатұлы Джумалинов болса, екіншісі Березовка орта мектебі директорының орынбасары Асқар Мұратұлы Кузкенов.
- Алдымызда бұл сайлауды талапқа сай өткізу міндеті тұр. Сонымен 28 шілдеге белгіленген Павлодар қаласының Мойылды, Аққулы ауданының Қызылағаш, Ақтоғай ауданының Ақжол, Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ және Тереңкөл ауданының Алтай ауылдық округтері бойынша сайлауға түсетін кандидаттар белгілі. Қазіргі таңда кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл сайлауларды да алдағы уақытта талапқа сай өткіземіз деген сенімдеміз, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Людмила Кабанцова.