Учаскелік сайлау мүшелерінің біліктілігі арттырылды

Oinet.kz 13-05-2024 149

Қарағанды облысында облыстық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 3, 113-1-тармақтарына сәйкес Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Нұра, Осакаров, Шет аудандары сайлау комиссияларының шешімдерімен жоғарыдағы аудандардың Абай, Сарытерек, Суықсу, Баймырза, Тоғызқұдық, Талдысай, Байтуған, Жансары, Ақжал кенті, Ақшоқы және Киикті ауылдық округтері әкімдерінің сайлау осы жылдың 9 маусымына тағайындалған болатын. Осыған орай Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Саян Есмағанбетов Қазақтан Республикасының Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен жасалған шартқа сәйкес, осы ұйымның Қарағанды облысы бойынша филиалы атынан ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімін сайлауға дайындау мақсатында Бұқар-Жырау және Нұра аудандарының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды жүргізді. Оқу-семинары «Ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу ерекшелігі» тақырыбында өрбіді. 

Screenshot_25.jpg

Оқытуда аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының осы сайлау науқанының барлық кезеңіндегі өкілеттіктері түсіндірілді және әкімді сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруін өткізудің ұйымдастырушылық ерекшеліктері мен тәртібі талқыланды.

- Өздеріңіз жақсы білесіздер, 5 мамырда Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. Ал 9 маусым күні Бұқар жырау ауданының Суықсу, Баймырза және Тоғызқұдық ауылдық округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауын өткізгелі отырмыз. Оған дайындық өткен айдан басталып кетті. Енді мен осы ауданда өткен сайлаудың қорытындысына оралар болсам, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин және Центральный ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі. Ғ.Мұстафин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2492 азамат енгізілді, олардың 1225-і дауыс берді. Дауыс берушілердің бесеуі «Барлығына қарсы» жолында белгі қалдырған. Әр кандидат үшін берілген дауыстар санына тоқталсам, А.Идрисова 103, А.Кулькабаева 121, ал Б.Ускембекова 996 дауысқа ие болған. Сонымен Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі болып Бакыт Ускембекова сайланды. Ол 1966 жылы туған. Бұған дейін Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. Ол сайлауға «Amanat» партиясы атынан ұсынылған, - деді ол. 

Саян Есмағанбетов Центральный сайлау округі бойынша өткен сайлау баысын да баяндай келіп, ондағы сайлаушылар тізіміне енген 1037 азаматтың 573-сі ғана сайлауға келіп өз таңдауын жасағанын айтты. Мұнда бюллетеннің «Барлығына қарсы» жолында 18 сайлаушы белгі соққан. Сайлау қорытындысымен Нұрбол Бопежанов 451 дауыс жинап, Центральный ауылдық округінің әкімі болып сайланған. Оны да «Amanat» партиясы ұсынып, қос округте де жеңіске жеткен. 

Оқыту барысында қатысушылардың назарына кейстер жинағы ұсынылды, онда дауыс беру күні туындауы мүмкін стандартты емес жағдайлар жасалынып және оларды шешу тәсілі бойынша құзыретті түсініктемелер берілді. Оқытуда сайлау үрдісінде қатысушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, сайлау құжаттарын сауатты ресімдеу, дауыс беру күні сайлаушылардың дауыстарын санау және дауыс беру қорытындыларын белгілеу кезінде сайлау комиссиясының жұмыс дағдылары мәселелері қамтылды.

Оқыту семинарына екі ауданнан 77 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Семинар соңында тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді.

Сайлауға түсуге ниет білдіргендерге қойылар талап та жоғары
Ақмола облысындағы 7 ауданында 9 ауылдық округі сайлауы өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу