Балалардың қамы үшін...
Себебі олар лагерлерге орналастырылуда. Балалардың біразы Мақтарал ауданына жіберілді. Нақтырақ айтқанда Түркістан облысының әкімі Ө.Шүкеевтің тапсырмасына сәйкес арыстық мектеп жасындағы 50 бала аудандық білім бөлімінің "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы" балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасына орналастырылды.
Жеткіншектерді салтанатты түрде қарсы алған лагер ұжымы оларға керемет демалыс сыйлау үшін көптеген іс-шаралар өтетінін атап өтті. Мұнда балалар 10 күн бойы демалып қана қоймай, түрлі мәдени іс-шараларға, байқауларға, спорттық жарыстарға қатысып, мақталы өңірдің тарихи мұражайларымен таныстырылатын болады.
Лагердің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексерілетін болады. Арыстық оқушылар 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етеді.
Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізіледі. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, лагерде күн сайын би кештері өткізілмек.