7 базар жаңғыртудан өтуде

Oinet.kz 19-11-2022 259

image.png

Кезінде Шымкент қаласындағы  әйгілі «Көл» базары бірталай отбасының күнкөріс көзіне айналғаны шындық. Тіпті, базардың қаланың ортасында тұрып қоқыс алаңына айнала жаздағаны бар. Мұны жергілікті билік дер кезінде байқады да, базарларды қала сыртына көшіру туралы шешім қабылдады. Алғашында, бұл базар саудагерлердің наразылығын тудырса да, кейіннен дұрыс шешім екеніне мойынұсынды.

Әрине, қала базарларының заманауи келбетін қалыптастыруда аз жұмыс атқарылған жоқ. Билік базар басшыларымен мәміле жасап, оларға арнайы орын жай бөліп, шағын кәсібін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Қала сыртына көшірілген базарлар бүгінде қайнаған сауданың ортасы. Шымкент десе таңдау мен талғам бөлек, бағасы арзанқол, келілеп алатынды қапшықтап көтеріп әкететіні бар базарлар әлі де нарықтан орнын жойған жоқ. 

Қазіргі таңда қаладағы 12 базарда реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр екен. 

Мамандардың айтуы бойынша, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Заң талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 19 базар модернизациядан өтуге жатады.

Оның ішінде 12 базарда, жоғарыда айтқанымыздай, реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Иманалиев» мал базары», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа» және «Көмеш бұлақ» базарлары талапқа сәкестендірілген. 

Ал, «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам» базарларында модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, бұл базарлар сауда қызметін ұйымдастыру қағидаларына, оның аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкестендірілуде. 

Ресми деректерге сүйенер болсақ, биыл «Нұр Сайрам» және «Дархан» базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады.

Қаланың қонақтары мен тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында базарларда ақпараттық стендтер орнатылған. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветириналық талаптарға сәйкес келтіру бойынша да жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

Шымкентте биылғы жылдың 10 айында экономиканың негізгі салаларында өсім байқалды
Елді тығырықтан алып шыққан - бизнес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу