«Silkway Alliance» өндірістік паркі – мүмкіндіктер алаңы

Oinet.kz 18-11-2022 324

image.png

Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан басқа «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту үшін шаралар қабылдануда. Ол бойынша кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Сондай-ақ өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріледі.

«Іскер қала» бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.  Жалпы бағдарламаның іске асырылуы арқылы 3 жылда 13,3 млрд.тг. инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорындардың ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке жылына 103 млн.тг. салық түсуі күтілуде.

Былтыр Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаладағы «Тассай» индустриялық аймағының жанынан «Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парк «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған пилоттық жоба.

Мұндағы барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған дайын өндірістік алаңдар кәсіпкерлерге ұсынылатын болады. Парктің жалпы алаңы 4,4 га құрайды. Оның 3 мыңға жуық текше метрі өндірістік алаңдар үшін, ал, 1 мыңнан астам текше метрі кеңсе алаңы үшін жалға беріледі.  

Қалада шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бұдан өзге мемлекеттік бағдарламалар да сәтті жүзеге асып келе жатыр. Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 1 жылға ұзарту жөнінде шешім қабылдаған болатын. Қалада бүгінде аталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, «Мен кәсіпкер боламын» жобасымен әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 10 млн. теңгеге дейін 1%-дық 6 шағын несиелер беру қарастырылған. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді.  Ал, осы жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылған. 


Кәсіпкерлікті дамытуға 15,6 миллиард теңге бөлінген
Ернұрдың жобасына миллион теңге грант берілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу