Ернұрдың жобасына миллион теңге грант берілмек

Oinet.kz 20-11-2022

image.png

Шымкентте «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы арнайы комиссияның шешімімен 4 үздік жобаны анықтап, иегерлерге 1 миллион теңге көлеміндегі сертификат пен диплом ұсынды. Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болған.

20 жастағы Ернұр Нұрланұлы мобилографиямен айналысады. Шымкентте білім алатын студент бүгінде бірнеше жоба атқарып, ақы да тауып жүргенін жасырмады. Байқаудың өтетінін ресми парақшалардан біліп, өтінім берген. Ұсынған жобасы – мобилография бойынша тегін курс ашу.

«Негізі ауқымдырақ жоба ұсынғым келген. Ол жобаға ұзақ уақыт қажет болғандықтан қысқа уақыт межесінде осы медиа бағыты бойынша жобамды ұсындым. Мобилография саласы қазіргі таңда ең қызығушылығы жоғары, сұарнысқа ие кәсіптің бірі. Негізіген онлайн мамандықтар бойынша мектеп ашу ойымда болған.  Бұл жобаны пилоттық жоба ретінде жүзеге асырғалы жатырмын. Егер барлығы жоспар бойынша жүзеге асса, мектеп ашуды да қолға алатын шығармын»,- дейді грант иегері. 

Конкурсқа жасы 14-тен кем емес және 29-дан  аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады. Жобалар «мәдениет», «медиа», «еріктілік» бағыттары бойынша  іріктіліп алынған. Арнайы комиссия алдағы уақытта да берілген қаражаттың түгелдей жұмысқа жұмсалуын, іске асуын қадағалайтын болады.

Айта кетейік, гранттар аталған бағыттар бойынша жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін беріліп отыр. 50 жас өтініш берген екен. Комиссия мүшелерінің қатарында Оспаналиева Рашкүл Жалелқызы, Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Садибеков Бижан Әбдіғаппарұлы, Қарғабай Астана Алпысбайұылы, Байзақова Сабира, Исмайлов Сейдулла Кеңесбайұлы бар. Комиссия отырысында барлық жобалар бойынша жекелей талқылап, үздік деп таныған жобаны жеңімпаз деп таңдаған.

«Silkway Alliance» өндірістік паркі – мүмкіндіктер алаңы
Базардағы жастардың кәсіпкерлігіне қолдау бар


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×