Кәсіпкерлікті дамытуға 15,6 миллиард теңге бөлінген
Шымкент қаласында өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие сомасы 74,5 млрд теңгені құрайтын 79 жобаға қолдау көрсетілген.
Ал «Еңбек» бағдарламасымен 74 шағын несие, 784 грант берілген. «Бизнес-бастау» жобасы бойынша 2 095 адам оқытудан өткен. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 674,5 млн теңгеге 65 шағын несие берілген.
Бұл жылы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға 15,6 млрд теңге қарастырылып отыр, бұл қаражат «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, банк несиелерін субсидиялау және кепілдендіру – 2 000 жоба; мемлекеттік гранттарды ұсыну – 1 190 жоба.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 9,4 млрд теңге бөлінген. (РБ – 6,5 млрд т, ЖБ – 2,7 млрд т).
Бүгінгі таңда, 2 760 жобаға 5,8 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
- банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 млрд теңге;
- банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге
886 жобаға 1,2 млрд теңге;
- мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 34 жобаға 170,0 млн теңгеге қолдау көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 3,9 млрд теңге бөлінген, (РБ – 3,7 млрд. тг. ЖБ–0,2 млрд. тг.) Бүгінгі таңда 81 жобаға 3,5 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
- банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 77 жобаға 3,2 млрд теңге;
- банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 4 жобаға 300 млн теңге.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шеңберінде 2022 жылға 1,5 млрд теңге бөлінген. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 1,3 млрд теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді. Несиелердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша барлық өңір оң динамикаға қол жеткізген. Шаһарда өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,1 % құрайды. Сонымен қатар, инвестиция саласы бойынша 2021 жылы қала экономикасына - 462 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,3%-ға артты.
Ал 2022 жылғы жоспар бойынша – 538 млрд. т жеткізу көзделуде. Жалпы осы сала бойынша алдағы 5 жылда 4,6 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.