Мемлекеттік бағдарламалар – кәсіпкерліктің «шырағы»

Oinet.kz 18-11-2022 293

image.png

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Мен кәсіпкер боламын» мемлекеттік бағдарламалары қаладағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі драйвері. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағын және орта бизнес шаһар экомикасының локомотиві екенін айтып келеді.

Шымкентте өнеркәсіп саласы өткен жылы кәсіпорындарымен 785,4 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өңдеу өнеркәсібінде 679,1 миллиард теңге көрсеткіш көрсетіп,  алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,0 пайызға өскен. Оның ішінде:

• мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 7,8 пайыз;

• жеңіл өнеркәсібі 2,7 пайыз; 

• сусындар өндіру 13,1 пайыз; 

• химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 1,9 пайыз; 

• дайын металл бұйымдарын өндіру 28,2 пайыз;

• машина жасау 42,8 пайыз;

• қағаз өндіру 13,0 пайызға өсті.

Шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 103 пайызға артқан. Шаһарда өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7 пайызға өскен.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша біршама көрсеткіштерде өсім байқалады. ШОБ субъектілерімен өндірген өнім көлемі – 1 097,5 миллиард теңге, өсім 103,2 пайызды құрады; жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі – 41,3 пайызға жетті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34 пайызды құраған.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен жылы жалпы 2 525 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде:

- сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша - 1 357 жоба;

- ішінара кепілдендіру бойынша - 1 126 жоба;

- жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша 39 грант берілді;

- өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша - 3 жоба.

Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамыту шаралары жыл өткен сайын жалғасын тауып, қалада кәсіпкерлер санының артуына септігін тигізіп келеді.

ТОО «Бал Текстиль» наращивает производство
Кәсіпкерлікті дамытуға 15,6 миллиард теңге бөлінген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу