Жаңа индустриалды аймақта жиһаз және тігін кластері дамымақ

Oinet.kz 18-11-2022 410

Screenshot_11.png

Шымкенттегі бұрынғы қорғасын зауытының аумағында индустриялық аймақ жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеске арналған индустриялық аймақ 2023 жылы ашылады.

"Стандарт" индустриялық аймағы 176 мың шаршы метр аумақта орналасады және екі мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ете алады. 118 гектарды құрайтын өнеркәсіптік аймақтың аумағына қажетті инфрақұрылым тартылды. Қала билігі мұнда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған "Іскер қала" бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаевтың айтуынша, кәсіпкер инвестициялық шығынға ұшырамайды: ол дайын орынға келіп, ғимаратты жалға алып, өндіріске кіріседі. Сондай-ақ "Іскер қала" бағдарламасы аясында бизнесмендерге бір және екі процентпен 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген кредит беріледі.

" Біздің басты мақсатымыз – экономикалық саясаттың негізі шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту. Өйткені шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың негізі болып саналады. Бұл қоғамға да, экономикаға да пайдалы. Әйелдер кәсіпкерлігін белсенді түрде тарту керек, өйткені олардың үлесі үлкен", - дейді А.Сәттібаев.

Алдағы уақытта индустриялық аймақта заманауи қоймалар мен шағын өндіріс цехтарын ашу жоспарланып отыр. Жиһаз және тігін фабрикалары өндіріс орындарын құруға өтінімдер жолдаған.

"Біріншіден, мұнда жиһаз кластері болады. Жиһаз өндірушілермен кездестік. Жиһаз цехтарымен арада келісіміміз бар. Мұнда өндірушілерге арналған көтерме дүкен, сондай-ақ цехтар болады. Сонымен қатар тігін цехтарымен де келісіміміз бар. Яғни, кластер түрінде дамытпақпыз: жиһаз кластері, тігін кластері және тағы басқа. Бұдан бөлек жылытылатын қоймалар болады. Сондай-ақ Түркия өндірушілерімен де келісім бар", - деді "Стандарт" индустриялық аймағы басқарушы компаниясының басшысы Азамат Мілдібеков.

Жобаның жалпы құны 30 миллиард теңгені құрады. Индустриялды аймақты 2025 жылға дейін үш кезең бойынша салу жоспарланып отыр.

Биыл 430 нәзік жандыға қайтарымсыз грант берілген
Упростить порядок ввоза иностранной рабочей силы просят шымкентские предприниматели
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу