«Дамудың» арқасында өндіріс орнын жаңа жабдықтармен толықтырды

Oinet.kz 15-11-2022 234

image.png

Жарнама – сауданың қозғаушы күші. Шымкент қаласындағы «ERNIYAZ media group» компаниясы көп клиент жинайтын жарнама әзірлейді. Компания 2006 жылдан бастап көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Өнімдері ішкі нарықты қанағаттандырып отыр. Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы алғашқы жарнамалық және өндірістік компаниялардың бірі ретінде өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Қостанай және Ақтау қалаларына да жөнелтіледі. 

Кәсіпорын басшысы «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Даму» қорының көмегімен «Ырыс МҚҰ» ЖШС-нен 6 пайыз  несие рәсімдеп, өндіріс орнын жаңа жабдықтармен толықтырды.

Кәсіпорын заманауи жабдықтармен, технологиялық мүмкіндіктердің арқасында сапалы өнімдер өндіріліп, түрлі топтағы тұтынушылардың сеніміне ие болды. 

Табысты кәсіпкер, кәсіпорын басшысы Ербол Дайрашовтың сөзінше, мемлекеттің кәсіпкерге көрсеткен қолдауы кәсібінің дамуына, сапалы өнім өндіруіне және өркендеуіне жол ашады.

Биыл компания өзінің 13 жылдық мерейтойын атап өтеді. Алда тағы көптеген жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Шығармашылық тобы жұмыс көлемін ұлғайтып, қысқа бейнелер түсіре бастамақ. Кәсіпкер болашақта өзін киноиндустрия саласында сынап көруді жоспарлап отыр.

«Жалпы «Даму» қоры кәсіпкерлерге қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып саналады. Бұл бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобасы. «Даму» қоры кәсіпкерлерге субсидиялау және несие кепілдігін беру арқылы қолдау көрсетіледі. Қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер несие бойынша кепілдік бере алады, яғни кәсіпкер несие алу үшін банкке жүгінгенде және оның кепілі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры өз кепілдігін бере алады. Ол несие сомасының 50 немесе 85 пайызға дейін кепілдің орнын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, 2022 жылдың 9 айында Шымкент қаласындағы облыстық филиалы субсидиялау бойынша 30,3 миллиард теңгеге шамамен 954 жобаға қолдау көрсетілген. Ал, кепілдік құралы бойынша 9,6 миллиард теңге несие сомасына 849 жобаға қолдау көрсетілді. Кепілдік сомасы 5,4 миллиард теңгені құрады.

Коворкинг орталығын ашты
Логопедиялық кабинет ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу