Әрі оқытады әрі бизнесін ашуға көмектеседі

Oinet.kz 16-11-2022 309

image.png

Кәсіптік оқу бұл – заман талабына сай, сұранысқа ие мамандарды қайта даярлайтын қысқа мерзімді курс. Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Асылбек Наурызбаевтың айтуынша, еліміздегі индустрияландыру бағытының қарқынды дамуы, кәсіптік-техникалық мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Сондықтан да Үкімет «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағытын кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойды. (Қазіргі 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы)

Бағдарламаның мақсаты – азаматтардың қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай жұмысшы мамандығына даярлау, өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүргендерді қайта оқытып, кәсіптік біліктілігін көтеру. Бүгінде «қайта даярлықтан өтемін» дейтін шымкенттіктер үшін 40 мамандық түрі ұсынылады. Оқу мерзімі 3 ай. 1 ай теория, 2 ай практика. Аптасына 6 күн, күніне 6 сағат оқиды. Осы аралықта бағдарламаға қатысушылар ай сайын  степендия алады.

Шымкент қаласының тұрғыны Зарина Кеншінбаева – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде  3 айлық кәсіптік оқу курсына жолданған қатысушылардың бірі. Ол  «Мөлдір» оқу орталығында «тігінші» мамандығы бойынша білім алды.

– Бала күтімімен біраз жыл жұмыссыз үйде отыруыма тура келді. Әлеуметтік желіден қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсының басталатынын естіп, жұмыспен қамту орталығына құжат тапсырдым. Құжатым қабылданып тігінші мамандығы бойынша білім алып, мұндағы тәжірибелі шеберлердің арқасында көп нәрсе үйрендім. Қолымнан балаларға арналған киім-кешек, қазақи нақыштағы қыз жасауы, перде тағы да басқа түрлі дүниелерді жасау келеді. Алдағы уақытта өзімнің жеке кәсібімді ашсам деген ниетім бар, – дейді көп балалы ана.

Азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өз білімін жетілдіріп, кәсіп ашуға ұмтылудың маңызы зор.

Салаға жауапты мамандардың мәліметінше Шымкентте биыл  3 жарым мыңнан астам адам кәсіптік оқу курсын аяқтап, өз ісін бастаған. Оның 3/1 жұмыс берушінің кәсіпорнында  практикалық білім алған.    

Кәсіп бастамас бұрын не істеу керек?
Жасмин тәтті бизнесін қолға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу