Кәсіп бастамас бұрын не істеу керек?

Oinet.kz 16-11-2022 296

image.png

Шымкенттік жас кәсіпкер Жансая Ержанова  болашақ  бизнес өкілдеріне кәсіп бастамас бұрын не істеу керектігін айтып, тәжірибесімен бөлісті.  Адам кәсіп бастап, өз алдына бөлек бизнес ашқысы келетін адамға ең әуелі ақша емес ниет керек дейді ол. 

«Кәсіп бастағысы келетін адам бойында жанып тұрған арман мен сенім керек. Ал арман мен сенім іс-әрекетке алып барады. Іс-әрекет кәсібіңізді ашып, арманыңыздың орындалуына жол ашады. Ешкім кәсіпкер болып тумайды. Егер сіз жаныңызға жайлы кәсіп ашу жолын іздеп жүрген болсаңыз, мына бір үш сұраққа жауап беріңіз. Бірінші: Қандай іспен айналысқан сізге өте қатты ұнайды? Екінші: Сол салада аптасына жеті күн бойы демалыссыз еңбектенгіңіз келе ме? Үшінші: Сол салада аптасына жеті күн бойы тегін еңбек ета аласыз ба? Міне, осы үш сауалға "Иә" деп жауап бере алсаңыз, егжей-тегжейлі жоспарлау, қаржылық сауаттылық және бизнес оптимизация қабілеттеріңізді дамытсаңыз, сол кезде ғана сізден керемет кәсіпкер шығатынына кәміл сенемін»,-дейді  Жансая.

Айта кетейік, шымкенттік Жансая «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жобаларына қатысып, қайтарымсыз грант жеңіп алып, ерекше бизнес ашқан. Ол қантсыз, яғни құрамында қанты жоқ, денсаулыққа пайдалы шоколад жасап, сатады. «Біздің қолданатан ингредиенттердің көбі иммунитет көтереді. Құрамында ешқандай адам денсаулығына зиянды заттар жоқ»,- дейді ол. 

Жансаяның сөзінше, Шымкентте шоколад жасау кәсібіне баулитын кәсіби оқу орындары болмағандықтан, кәсіпкерлікті шетелде оқыпты.

«Шымкент қаласында шоколад жасау мамандығына үйрететін оқу орны жоқ. Өзім Украинаның Одесса қаласында шоколад курсында оқыдым. Сол жақтағы оқып-үйренген барлық технология процессін, рецептілер мен ереже-талаптарын қызметшілерімізге үйретіп, мамандандырамыз,-дейді Жансая Ержанова.

Жансаяның ерекше кәсібі өркен жаюда
Әрі оқытады әрі бизнесін ашуға көмектеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу