Жансаяның ерекше кәсібі өркен жаюда

Oinet.kz 14-11-2022 329

image.png

Шымкентте Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасының жобаларына қатысып, қайтарымсыз грант жеңіп алып, ерекше, сирек кездесер кәсіп ашқан жастар баршылық. Соның бірі – Жансая Ержанова. Ол қантсыз, яғни құрамында қанты жоқ, денсаулыққа пайдалы шоколад жасап, сатады. 27 жастағы Жансаяның әкесі – жолсерік, анасы – бухгалтер екен. Қазір желілік маркетинг саласында қызмет етеді. Жансаяның өзі Шымкенттегі және шетелдегі жоғары оқу орнын тәмамдаған.

«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде филология мамандығы бойынша білім алдым. Содан кейін Молдовия астанасы Кишенов қаласында "Басқару және бизнес" мамандығына оқыдым. Одан кейін Аустриядағы университетте магистратураны  оқыдым. Шоколад жасау кәсібін ашуды бала күнімнен армандадым. Шетелде оқып жүргенімде елге оралған соң, қазақстандықтардың денсаулығына пайдалы өнім шығаруды армандайтынмын. "Осы арманыма жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын" деп өзіме уәде бердім. Осы кәсіпті бастар алдын нарықты зерттеп 100 отандасымыздан сұрақ-жауап сауалнамасын өткіздім. Сауалнама шешімі бойынша көптеген қажетті ақпарат білдім. Соның бірі - осы қантсыз шоколад жасаумен айналысатын кәсіпорындар тізімі. Шымкентте 100  % шоколад өнімін ұсынатын кәсіпкерлер жоқ екен. Сондықтан осы саланы дамытуға шешім қабылдадым,-дейді Жансая Ержанова.

Қазір  4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жас кәсіпкер  2019 жылы үкімет тарапынан "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекет бағдарламасынан кәсіпкерлерге қолдау көрсететін байқауға қатысады.

«Сол конкурсқа қатысып, қайтарамсыз қаржылай грант жеңіп алдық. Барлық қаржыны шоколад жасайтын құрал-жабдыққа жұмсалды. Біздің қонақтарымыз – денсаулықтары мен мүсінін сақтайтын және шоколад өнімдерін сүйіп жақсы көретін кез келген жастағы тұтынушылар»,- дейді ол.  

Жансаяның кондитерлігі ұсынатын шоколадтардың құрамының 60%-ын қантсыз шоколад құрайды.  «Қалған 40 пайызы белгиялық табиғи жеміс шырыны қосылған шоколад қолданамыз. Көбі қантсыз шоколад десек, ащы шоколадты елестетеді. Бірақ біздің шоколадтарымыз өте дәмді. Қант орнына табиғи өсімдіктерден алған шырындар қосамыз. Какао ұнтағының пайдалы жақтарына келсек, суперфуд деп есептеледі. Супер фуд дегеніміз – супер тағам. Антиоксиданттарға өте бай. Ол ағзаны зақымданудан қорғайды.»,- дейді Жансая. 

Шымкентте 3 жарым мыңға жуық адам кәсіптік білім алды
Кәсіп бастамас бұрын не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу