Шымкентте 3 жарым мыңға жуық адам кәсіптік білім алды

Oinet.kz 17-11-2022 408

image.png

Айлықтан айлыққа күнелткен қарапайым қызметкер жеке кәсіп ашып, өзіне жұмыс істеуді қалайтыны анық. Жалақысын азсынған азаматтар мен тұрақты жұмыспен қатар жеке бизнесін жүргізуге қызығушылық танытқандардың қатары да аз емес. Сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың да өз ісін бастауына болады. Дегенмен көп ретте идея ойға оралғанымен, іс жүзінде орындалмай жатады. Көпшілік бизнес ашуды ойлайды, бірақ біліктілік пен қалтаның жұқалығы мақсатқа жетуге кедергі келтіреді.

 Осындай азаматтарға кәсіптік білім беру  көмекке келеді. Себебі  кәсіптік білім беру – келешек кепілі.  Шымкентте 3 жарым мыңнан астам адам кәсіптік оқу курсын аяқтап, өз ісін бастады. Оның 3/1 жұмыс берушінің кәсіпорнында  практикалық білім алған.   Үшінші мегаполисте  жұмыссыз азаматтар  саны азайып, екі қолға  бір күрек  тапқандардың қатары артқан.

Еңбек нарығында жұмысшы мамандарға деген сұраныс күрт артып барады. Елімізде осы орайда «Кәсіпкерлікті  дамытудың  2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы»  әзірленеді.  Биыл Шымкентте осы мақсатта 200 миллион теңге қарастырылып  32 мамандық бойынша 3 жарым мыңға жуық адам  кәсіптік білім  алды.

«Тігіншілікке және қызмет көрсету саласы бойынша көп оқиды. Қалада сауда орталықтары көп. Сол мекемелерге кассир, бухгальтер мамандығын көп сұрайды. Одан кейін шаштараз, стилист, маникюр шебері, визажист мамандықтарына сұраныс жоғары»,- дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Асылбек Наурызбаев.

Әсел Отыншиева - 32 жаста.  Мамандығы - невролог дәрігер.   Бірақ, жұмыссыз болыпты.  Бала күтімінде  отырып,  3 ай  кәсіптік  білім  алған екен. Қазір  сөмке  тігіп жүр.  Енді,  жеке  тігін шеберханасын  ашпақ ниетте...   

«Мен жұмыспен қамту орталығы арқылы білімімді толықтыру үшін осы шеберханаға келдім. Үш айлық курстан өттім. Оның ішінде теория жүзінде сабақтар өтті және практика жүзіндегі сабақтар 2 айға созылды. Алдағы уақытта өзімнің жеке тігін шеберханамды ашуды жоспарлап жүрмін»,- деді Әсел. 

Биыл  Шымкент қаласында 58 мыңнан астам  адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  Меже 10 айда  91 пайызға  орындалыпты.  Жұмыссыздық  5,1 пайыздан  5 пайызға төмендеген.

Қала іргесі азық-түлік белдеуіне айналып келеді
Жансаяның ерекше кәсібі өркен жаюда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу