Қала іргесі азық-түлік белдеуіне айналып келеді

Oinet.kz 17-11-2022 384

image.png

Үшінші мегаполисте бүгінгі таңда қаланың ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік нысандар жетерлік. Солардың бірі -  «Дары Сайрама» ЖШС. Қала іргесіндегі зауыт  жеміс пен көкөністі қайта өңдеу және консервілеумен айналысады.  Кәсіпорынның жобалық құны – 350 миллион теңге, сондай-ақ мемлекет бюджетінен 70 миллион теңге субсидия берілген. Мұнда тұрақты 120 адам жұмыспен қамтылса, маусым кезінде 400-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар серіктестік жанында 5 гектар қарқынды жүзім плантациясы мен 1 гектар жылыжай кешені бар. Зауытта шырын құю желісі, тосап өндіру, лечо, томат пастасы, консервіленген қияр, қызанақ, түрлі салаттар сынды басқа да өнімдер шығарылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 10 миллион қалбыр консервіленген өнім шығарады. Өз қызметін 2014 жылы бастаған консерві цехы  «Даму» қоры арқылы 240 миллион теңге несие алған. Оған  Италия, Түркия, Болгариядан ең соңғы үлгідегі техникалар алып, жаңа цехты іске қосқан. Жаңа желі сағатына алты мың банка  жаба алады.  Ыдысты жергілікті шыны өндірушілерден сатып алуда. 

– Цехта 32 түрлі өнім өндіріледі. Олар – компот, маринад, тұздалған қияр және консервілер. Қоймадан барлық дайын өнімді саудагерлер көтерме бағамен сатып алып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне жеткізеді. Қазіргі таңда мұнда жүзге жуық адам жұмыспен қамтылған. Маусым кезінде 400-ге жуық адам жұмыс істейді. «Forte Bank» АҚ-дан 14 пайызбен несие алдық. Несие «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында субсидияланып, қазір кәсіпорын төлейтін мөлшерлеме 6 пайызды құрап отыр. Бұл да бізге үлкен көмек. ,– дейді «Дары Сайрама» ЖШС-ның директоры Мамыржан Сарманбайұлы. 

 Қоймадан барлық дайын өнімді көтерме саудагерлер қабылдап алып, бүкіл Қазақстан аумағына жеткізеді. Сұраныс, әсіресе, еліміздің солтүстік өңірлерінен көп түседі екен. Өнімдер жергілікті нарықта сұранысқа ие. 


«Шымкент-Кашемир» - тізеқап тоқитын жалғыз әрі берегей фабрика
Шымкентте 3 жарым мыңға жуық адам кәсіптік білім алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу