«Даму» қорынан көмек алып, дағдарысты еңсерді

Oinet.kz 17-11-2022 444

Screenshot_5.png

Шымкенттегі 89 гектар аумақты алып жатқан «Тассай» индустриялды аймағында медициналық жабдықтардың 17 түрін шығаратын зауыт жұмыс істейді.  Нақтырақ айтқанда «Marai E7 Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медициналық мақсаттағы ортопедиялық бұйымдар шығарады.  Оңтүстік кореялық технологиямен жабдықталған кәсіпорында жылына 500 мың бинт пен 274 мың ортопедиялық бұйым әзірленуде. Зауыт өнімі түрлі сынық-жарақатта қолданылып, салмағының жеңілділігі, эластикалық иілгіштігі, рентген өткізгіштігімен және жылдам қатаюымен ерекшеленеді. ТМД елдері бойынша аналогы жоқ кәсіпорын Қазақстан нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы.

Айта кетейік, «Marai E7 Group» зауытының дайын өніміне сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңда өндіріс орны Түркия, Өзбекстан және Қызғызстан елдеріне өнімдерін экспорттау мақсатында жұмыс жасап жатыр.

Аталған кәсіпорын «СҚ-Фармация» ЖШС-мен 10 жылға ұзақ мерзімді келісімге қол қойып, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласқан.  Оңтүстік Корея технологиясымен жұмыс істейтін «Marai E7 Group» ЖШС баламасы жоқ өнімдерімен танымал. Зауыт халықаралық стандарттарға сай келетін 17 медициналық бұйым өндіреді. Қазіргі таңда отандық ортопедиялық жабдықтардың бағасы басқа өндірушілерден қарағанда әлдеқайда төмен. Мұның бәрі «Marai E7 Group» ЖШС өнімдерін ел ішінде танымал етуге көп септігін тигізді.

Эпидемиологиялық ахуал өршіген кезде кәсіпорынға «Даму» Қоры қолдау көрсетті. Кәсіпкер екінші деңгейлі банктен 14,95 пайыз несие рәсімдеп, 8,95 пайызын  «Даму» қоры субсидиялады.

Бүгінгі таңда «Marai E7 Group» компаниясының өнімдері аллергия тудырмайтын, ылғалданбайтын, ісінбейтін сапалы өнімдерімен сұранысқа ие.  Зауыт бүгінде заманауи, жоғары сапалы, оңай қолданылатын медициналық өнімдер шығаруды жалғастырып, дамып келеді.

«Ордабасы» индустриалды аймағында кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған
Жас кәсіпкер тәжірибесімен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу