«Ордабасы» индустриалды аймағында кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған
Шымкент қаласы индустриалды аймағы көп өңірдің бірі. Осындай қарқынды жұмыс істеп тұрған аймақтың бірі - «Ордабасы» индустриалды аймағы. 2011 жылы ашылған аймақ бұрынғы Шина зауытының аумағында орналасқан және 143 гектарға тең ауданды алып отыр. «Ордабасы» Индустриалды Аймағын құрудың негізгі мақсаты: жоғары технологиялы, импорттың орнын басушы және экспортқа бағытталған өндірістерді құру, Шымкент қаласында өнеркәсіп саласындағы кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету және жәрдемдесу және экономиканың басым секторларына тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету.
Қазіргі таңда бұл аумақта кәсіпкерлерге барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған. Инфрақұрылым толықтай тартылған. Ғимараттар күрделі және косметикалық жөндеуден өткен. Бүгінде қаланың экономикасы мен кәсіпкерлік саласына айтарлықтай үлес қосып отырған индустриалды аймақ қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін аумағын көгалдындыру жұмыстарын жүргізген. Мұнда тағы жеке өзіндік АТС орнатылған. Кедендік-өткізу бекетінің ғимараты құрылып, техникалық тұрғыдан жарықтандырылған. Сондай-ақ жеке өзіндік теміржол тұйығы бар.
Қазіргі таңда «Ордабасы» Индустриалды Аймағының аумағында төмендегі өнімдерді шығаратын өндірістер әрекет етуде:
- металл прокаты,
- металл құрылымдары
- машина жасау бұйымдары,
- маңдай әйнектері,
- пластик құбырлары,
- фитингілер,
- сабын,
- құрылыс материалдары,
- жуып-тазартатын сұйықтықтарды құю,
- энергияны үнемдейтін қызу шамдары,сонымен қатар:
сонымен қатар:
- тасымалдау, логистика және жүктерді сақтау,
- жылыжай шаруашылығы.
«Ордабасы» индустриалды аймағында орын тепкен «Наурыз-пластик» ойыншық зауыты бүгінде тек шымкенттіктерге қана емес сонымен қатар республикаға, тіпті шетелге де танылып үлгерді. Бүгінде цехта 20 түрлі ойыншық шығарылады. Осылайша қазір бұл цехта айына 5000-7000 ойыншық шығады. Бизнесін дөңгелетіп отырған отбасы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. “Біз шикізатты Иран, Өзбекстаннан алдыртамыз. Ең таза сұрпын пайдаланып, бала денсаулығына қауіпсіз, экологиялық таза болуына аса мән береміз. Біздің ойыншықтармен балалардың ойнап жүргенін көрсек қуанып қаламыз”, — дейді «Наурыз пластик» иелері.