Жас кәсіпкер тәжірибесімен бөлісті

Oinet.kz 17-11-2022 531

image.png

Жастар бизнесі жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, білікті мамандарды даярлау сияқты әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде басты роль ойнайды.  Жастар кәсіпкерлік ортадағы  маңызды буын болып табылады. Ертеңгі елдің экономикалық өсуі мен даму екпіні бүгінгі жастар бизнесінің дамуына тәуелді. Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандырушы жағымды жағдай жасау жалпы мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі түрлі бағдарламаларда қарастырылуда.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде жастардың өзекті білім мен дағдыларды меңгеруіне, ақпарат алмасуына, өз идеяларын дайындауына, сарапшылар консультацияларын алуға мүмкіндік беретін алаңдар дамып келеді.  Әсіресе жастарға тәжірибе алмасқан маңызды. 

Осы ретте Шымкент қаласы Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкер Омар Сағдат Абдімәлікұлы Shymkent жоғары педагогикалық колледжі студенттерімен кездесті.

Іс-шараның мақсаты- қаламыздағы жас кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыз жастардың санын азайтып, өз кәсібін ашуға баулу. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауымен кәсіп бастауға болатындығын насихаттау.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің алдында кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары және бизнес жүргізудің қыр-сырын, бизнесмен сипатын шыңдайтын табыстар мен сәтсіздіктер туралы өз тәжірибесімен және жетістік құпияларымен бөлісті. Табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлық, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін атап өтті. Студенттер өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

 Айта кетейік, Шымкент қаласында 14-29 жас аралығында 245 мыңнан астам жас бар. Ол жалпы қала тұрғындарының 21,7%-ын құрайды. Жастарға қызмет көрсету мақсатында төрт ауданда «Жастар ресурстық орталығы» жұмыс істейді. Ол жақта 130 мыңға жуық жас түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша іс-шараларға қатысады. Атап айтқанда, 2022 жылы «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 18 мыңға жуық жасты жобаға тарту жоспарланып отыр. Жыл басынан «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 27 рет ұйымдастырылып оған 4100 жас тартылды. Осы секілді өзге де іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарды қолдау мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде.

«Даму» қорынан көмек алып, дағдарысты еңсерді
Қаланың абаттануына үлес қосып жүрген үздік аудан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу