Әкім «Шымситидегі» аллеяның құрылысын бақылап қайтты

Oinet.kz 17-11-2022 595

image.png

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов  “Шымсити” аумағында салынып жатқан аллея құрылысын тесеріп, жауапты сала мамандары мен мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Естеріңізде болса, қыркүйек айында “Қаратау” ауданы 189 орамда “Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” бойынша аллея құрылысы басталған болатын. 9300-ге жуық халықты қамтитын бұл нысан 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда нысанның өндірістік кестеге сәйкес абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

“Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” алдағы уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады. Бір қызығы Шымситидегі саябақ тарихта орын алады. Дендросаябаққа дейін созылады. Мұндағы мақсат – қалада бір саябақтан екінші саябаққа дейін жаяу баруға болатындай мүмкіндік жасау. Саябақтағы ирригациялық жүйе жақсы қарастырылған.

Айта кетейік, көгалдандыру алаңы әр адамға шаққанда 10 шаршы метр болуы тиіс. Яғни, қала халқының санын есептеген 1120 га қамтамасыз ету қажет.  Стандарттарға қол жеткізу мақсатында қалалық  жайлы ортаны дамыту басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде қала аумағында 70 га-да  80 гүлзардың құрылысн жүргізу  үшін жерлер анықталып, сәулет, қала құрылысы  және жер қатынастары басқармасымен қаланың бас жоспарының  түзетуіне енгізілді.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланың бас жоспарында жаңадан құрылатын шағын аудандарында  саябақ, гүлзарлар салу  қаралған.

Қала аумағындағы 160 га жуық шатқалдарды көгалдандыру қаланың бас жоспарына енгізілді. Бюджет қаражатынсыз жеке инвесторлар мен қаладағы барлық шатқалдарды мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында дамыту жоспарлануда. Себебі, мемлекеттік сатып алу шарттарының қысқа мерзімділігі жұмыстарды сапалы орындауға мүмкіндік бермейді.

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес алдағы жылдары шаһардың жасыл желек аумағы 5 есе артатын болады. 

Қос кәсіпорынның ұжымымен кездесу өтті
«Шымкай» жылына 54000 жиһаз шығаруға қауқарлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу