Қос кәсіпорынның ұжымымен кездесу өтті

Oinet.kz 15-11-2022 262

image.png

Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымның ең маңызды бөлшегі. Қарапайым еңбекқордың мәртебесін көтеруге, оларды ел арасына насихаттауға басымдық беріледі. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігініе байланысты болуы керек.

Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдерінің «Kazbiolife» және «Nazar textile» мекемелерінің ұжымымен өткен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында Шымкент қалалық қоғамдық штаб мүшелері Жанар Бектаевас Бейсенкүл Нарымбетова, Біржан Байтуов, Асқар Рахматалиев, Гүлжайна Жартыбековалар еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда жүргізіліп жатқан реформалар жайлы айтып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы еңбек адамдарына қатысты тармақтарын жиналған қауымға кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа ұсынып отырған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін.Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының «Әділетті экономика » қағидасында заңсыз жолмен шығарылған ақшалар елге қайтарылып, халық үшін бәріне бірдей мүмкіндік беретіні жайлы баяндады. 

Айта кетейік, «KazBioLife» ЖШС.  Бұл оңтүстік аймақта макулатурадан жасалған қағаз бен үш және бес қабатты гофр картон өндіретін жаңа технологияға ие жалғыз зауыт. Бұл зауыттың жабдықтары кез-келген көлемдегі орауға арналған бес түсті флексографиялық басып шығаруды қолдану мүмкіндігіне ие. Талай жобаны қанаттандырған «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асқан зауыт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 650 миллион теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған. Мұнда бүгінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр.Кәсіпорын өндіріске қажетті шикізатты Ресейден, Алматыдан алдырып, жылына 63 млн. шаршы метр картон шығару мүмкіндігіне ие. Сұранысы қарапайым өнім болғанымен, сұраныс өте жоғары. Тауардың өтімділігі артуда.Қаладан бөлек Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына сұраныс көп дейді зауыт басшылығы.   Кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпақ ниетте. 

Ал «Назар Текстиль» ЖШС Қазақстандағы кілем бұйымдарының негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады және өнімдер мен нарықтардың кеңеюі бойынша жұмысын жалғастыруда.

Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің үлесі басым
Әкім «Шымситидегі» аллеяның құрылысын бақылап қайтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу