Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің үлесі басым

Oinet.kz 14-11-2022 244

image.png

Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтеледі, қорғалады және оған лайықты еңбекақы төленеді. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігі мен әбжілдігіне байланысты болуы керек. Осы және өзге мәселелер туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілдері Б.Әлтеев, Р.Джеренова, И.Вербицкий, А.Есенбек жеңіл өнеркәсіп өндіру саласы мамандарымен өткен кездесуде айтылды.

-Біз жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құрамыз. Біз ішкі еңбек нарығын қорғап, еліміздің азаматтары болып табылатын жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз етеміз. Мемлекеттік қолдау шараларына ие болу кезінде бизнестің көлденең міндеттемелерін белгілеу арқылы қызметкерлердің жалақысын көтеруді ынталандырамыз. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны көтеру механизмін енгіземіз, - деді өз сөзінде Раушан Джеренова.

Мемлекет басшысы еңбек адамының мәртебесін көтеру туралы ұдайы айтып келеді. Ол жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құратынын да жекізген болатын. Басқосу соңында жас мамандар сайлауға қатысатындарын айтты. 

Айта кетейік, қазір Шымкентте  өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет атқарады. Қалада өндірілген өнім­нің жалпы көлеміндегі жеңіл өнер­кәсіптің үлесі 3,9 % қам­тыса, республикадағы жеңіл өнер­кәсіптің үлесі 20,7 %  құ­райды. Атап айтқанда, шаһарда өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд теңге болып, нақты көлем индексі 108,4%  құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 % жетіп отыр.  Инвестиция көлемі 219,1 млрд теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджетің үлесі – 52,6 миллиард теңге, жеке инвестиция – 166,5 млрд теңге.  Шымкент қаласының же­ңіл өнеркәсібін тоқыма бұ­йым­дарын, киім-кешек, был­ғары және оған жататын өнім­дер өндіретін кәсіпорындар ұсы­нады. Қазіргі уақытта тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару бағытында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. 


Экология мәселесі әрдайым назарда
Қос кәсіпорынның ұжымымен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу