«Арт Құрылыстың» өнімдері 100 пайыз ішкі нарықты қамтиды
ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі мәні айқын және бәріне түсінікті. Құжат бәріміз және әрқайсымыз үшін әділдікті көздейді. Алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтардың бірі – әділетті қоғам құру. Әлеуметтік саясаттың парадигмасы өзгереді. Соған байланысты әлеуметтік шығындар мәжбүрлі емес, адами капиталға салынған инвестиция ретінде қарастырылады. Бұл туралы кандидаттың « Арт Құрылыс» ЖШС ұжымымен өткен кездесуінде айтылды.
Қоғамдық штаб өкілдері Мұратәлі Қалмұратов, Рәшкүл Оспаналиева, Гүлжайна Жартыбекова , Асқар Рахматалиев жұмысшыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауында кәсіпкерлікке көрсетілетін қамқорлық туралы айтып берді. «Шағын және орта бизнестің түгелімен несиелерін субсидияландыру мәселесін орынды көтерді. Яғни, кәсіпкерлерге 6 пайызға дейін несиені арзандату деген үлкен қолдау деп санаймын. Кәсіпкерлікті дамытудан күтілетін нәтиже елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 40%-ға дейін ұлғайту, шамамен 1,2 млн. жұмыс орнын құру болады»,- дейді штаб өкілдері.
Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалдық аймақ аумағында орналасқан нысан Жоғары сапалы және барлық стандарттарға сай 130- дан астам темір - бетон өнімдерін өндіретін зауыт. Өнімдері құрылыс, мелиорация, газ және су жеткізу салаларында сұранысқа ие. Жобаның жалпы құны: 900 миллион теңгені құрайды. Темір бетондар бүгінде 100 пайыз ішкі нарыққа жіберіледі. Аталған кәсіпорында қазіргі таңда 200-ден аса тұрғын жұмыспен қамтылып, нәпақаларын тауып жүр. Жобаның қуаттылығы – жылына 200 мың мз темір- бетон өндіреді.
Кәсіпорынның аяққа тұрып, кең қанаттануы үшін «Үдемелі Индустриялды- инновациялық даму», «Бизнестің Жол Картасы - 2020» бағдарламалары арқылы қолдау көрсетілген.