Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті

Oinet.kz 16-11-2022 350

image.png

Жер бетіндегі халықтың тұтынушылық сұранысы көбейіп, өндіретін өнім көлемі еселеп артқан сайын соншама жүкті тасымалдау мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Адам баласы мыңдаған тонна тауарды бір нүктеден екінші нүктеге жеткізу мақсатында жаңа технологияның соңғы мүмкіндіктерін пайдалануда. Халқы тығыз орналасқан қалалар мен елдімекендер маңайында жолайырықтарымен қоса ірі қоймалар пайда бола бастады.  Логистикалық орталықтар қала экономикасын дамыту мен сыртқы сауда айналымын арттыруға,  нарықтағы бәсекелестікке жол ашып, бағаның төмендеуіне үлес қосады.  Сондай ақ, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге де ықпал етеді.

Көлік-логистикалық орталық деп аталатын мұндай кешен енді Шымкентте те бар. Алып кешен 2017 жылдың 6 желтоқсаны күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей телекөпір барысында іске қосылған. 

Бүгін Тоқаевтың сенімді өкілдері осы  «TSL Logistics» логистикалық орталығының ұжымымен кездесті. ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың жақтастары, республикалық штаб мүшелері «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарына тоқталып, жиналғандардың сауалына жауап берді. 

«Еңбек – бәрін жеңбек» қоғамның ұранына айналу үшін де көзқарастық, ақпараттық ықпал ету құралдары арқылы үздіксіз жұмыс жүргізілуі керек. Әсіресе еңбекті бағалау, өз саласының маманы болу, адал қызмет ету тағы басқа құндылықтар басты назарда болғаны шарт. Жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасы құрылмақ. Ішкі еңбек нарығын қорғап, еліміздің азаматтары болып табылатын жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатымыз»,- деді штаб мүшесі Нұрлан Бекназаров.

Өз кезегінде жұмысшылар бірер күннен соң өтетін сайлауға қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс беретіндерін жеткізді. 

Кәсіпкерлікке қамқорлық ерекше
Көлік логистикалық орталық - Ұлы Жібек жолының жалғасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу