Еңбек адамына құрмет көрсетіледі

Oinet.kz 16-11-2022 572

image.png

Бүгін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Әлем-БТ» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Жиын барысында ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері, республикалық штаб мүшелері Ғани Ташқараев, Айгүл Қаппарова, Бекайдар Тулегенов, Гүлнар Құрманбекова, Талғат Балтабаев, Данабек Исабеков, Еркін Сатқанбаев, Гүлжайна Жартыбекова сайлауалды бағдарлама туралы толық мағлұмат ұсынды. 

«Кәсіпкерлікті дамыту шағын бизнесті сапалы дамытуға және орта бизнесті ірілендіруге бағытталатын болады. Басты мақсат халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасау. Сондай ақ, еңбек адамының мәртебесі көтеріледі. Оларды жан-жақты насихаттау қолға алынады. Президент сайлауы – мемлекетіміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. 20 қарашада сіздерді сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауыңызды жасап, лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын», -деді Ғани Ташқараев.

Кәсіпорын ұжымы өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, қонақтарға ұсыныс- тілектерін жеткізді. Кездесу соңында штаб мүшелері еңбек ұжымын алдағы сайлауға қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін дауыс беруге үгіттеді.

Айта кетейік,  «Әлем БТ» шұлық фабрикасы – отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге өнімдерін экспорттап жатқан Шымкенттегі ірі кәсіпорындардың бірі. Қазір мұнда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 24 миллион жұп өнім шығаруға қауқарлы.  Көбіне тоқыма фабрикасының  шұлықтарына Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея және Еуропа мемлекеттері қызығушылық танытып, тапсырыс береді. Фабрикада тоқылған шұлықтар табиғи мақта талшығынан тоқылғандықтан жылы, ыңғайлы, әрі бағасы да қолжетімді. өндіріс орны жұмысын 2015 жылы бастаған. Екінші кезеңі 2017 жылы жүзеге асқан. Қазіргі таңда фабрикада 240 тігін машинасы жұмыс істеп, 400-ге жуық адам еңбек етеді. Құрал жабдықтардың барлығы Оңтүстік Кореядан жеткізілген. Бір қызығы, "Әлем БТ" ЖШС тоқыма фабрикасында бір шұлық небәрі 10 секундта тоқылады екен.

Кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасалады
Кәсіпкерлікке қамқорлық ерекше
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу