Кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасалады

Oinet.kz 16-11-2022 498

image.png

Жаппай кәсіпкерлікті одан әрі дамыту экономикалық өсудің драйвері, табыстарды әділ бөлудің, теңдікті қамтамасыз етудің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі арнасы болады. Осы және өзге маңызды мәселелер Шымкентке арнайы келген Тоқаев жақтастары Ғани Ташқараев, Айгүл Қапбаров, Бекайдар Тулегенов, Гүлнар Құрманбекова, Еркін Сатқанбаев, Талғат Балтабаев, Данабек Исабеков, Гүлжайна Жартыбекова «Azala Textile» аталмыш кәсіпорыны қызметкерлерімен өткен жиынында кеңінен талқыланды. 

«Кәсіпкерлікті дамыту шағын бизнесті сапалы дамытуға және орта бизнесті ірілендіруге бағытталатын болады. Басты мақсат халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасау. Сондай ақ, еңбек адамының мәртебесі көтеріледі. Оларды жан-жақты насихаттау қолға алынады», - деді Мақсат Раманқұлов.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын да айтып өтті. 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына тегіс қатысатындарын жеткізді.  Әділетті Қазақстанды құру әрбір азаматтың міндеті. Сайлауға қатысу, дауыс беру құқығына ие азаматтардың барлығы да өз міндеттерін атқаруы тиіс.

Айта кетейік, «AZALA Textile» фабрикасы биылғы жылы өндірісін кеңейтті. Өндірістік қуаттың ұлғаюына байланысты қосымша 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Аталған фабрика Шымкент қаласындағы толық циклдегі жалғыз тоқыма комбинат. Тігін өндірісін кеңейту үшін фабрикаға қосымша 200 миллион теңге инвестиция құйылып, 80 жуық тігін машинасы орнатылған. «Оңтүстік» айрнай экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын тоқыма бұйымдары, медициналық төсек –жабдықтар мен отандық құрылыс компанияларының арнайы киімдерін өндіреді. Фабрикада әскери киім тігуге арналған «Берік» атымен белгілі болған мата әзірленіп, қазіргі уақытта халықаралық зияткерлік патенттеуден өтуде. Жаңадан өндірілген мата (камуфляж) сапасы жағынан Ресей елінің маталарынан кем түспейді. Қазіргі таңда «Azala Textile» фабрикасы ҚДС (мемлекеттік қорғаныс тапсырысы) бойынша Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының киімдеріне арналған маталарды өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.

Барлық күш кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталады
Еңбек адамына құрмет көрсетіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу