Барлық күш кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталады

Oinet.kz 16-11-2022 489

image.png

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының өкілдері «Бал Текстиль» ЖШС кілем фабрикасында өткізді. Спикерлер «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталып, барлық күш кәсіпкерлікті ынталандыру мен қорғауға бағытталатынын атап өтті. Олар мемлекет өзінің экономикаға араласуын айтарлықтай азайтып (2025 жылға қарай 14% дейін), оның монополизацияландыруды жалғастыратының айтты. Бұл іскер азаматтарға үлкен мүмкіндіктер ашады. Әділетті Қазақстанда кез келген заңды кәсіпкерлікке лайықты орын дайын болады. Мемлекет заңға бағынатын кәсіпкерлерді негізсіз әкімшілік қысымнан және тексеруші құрылымдардың себепсіз араласуынан қорғайды.

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан бойынша өзін-өзі ақтаған ең алғашқы орталық болды. Кәсіпорындарды бір аумаққа шоғырландырған аймақтың басты мақсаты – кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, қаланың экономикасын дамыту. Инфрақұрылымды дамытудың басты факторына айналған аймақта бүгінде жалпы инвестиция құны 42.9 млрд теңгені құрайтын 25 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 2179 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр. 2010 жылдан бастап қазіргі күнге дейін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы кәсіпорындар өндірген өнім әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 22 жоба іске асырылып, 2046 жұмыс орындарын ашу көзделуде. Қазіргі таңда мұнда өндірісін өркендетіп отырған кәсіпорынның бірі осы  - «Бал текстиль» ЖШС. Алғашқы қазақстандық фабриканың іргетасы 2012 жылы құрылды. Бастапқыда 4 кезеңмен дамытуды мақсат тұтқан кәсіпорында бүгінде өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. Құны — 2,5 млрд.теңге болатын жоба жылына 1,4 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Фабрика өндірісі жыл соңында толығымен іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болса, өнімнің 70 пайызы ішкі, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған, техникалар толықтырылуда. 2014 жылы Президенттің өзі арнайы барып, ақ батасын берген өндіріс ошағы бүгінде керегесін кеңейтуде.

 «Бал Текстиль» жылына 5 миллион шаршы метр кілем және кілем өнімдерін, сондай-ақ, 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін жасап шығарады.

Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4,7 миллион адамға дейін өседі
Кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу