Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4,7 миллион адамға дейін өседі

Oinet.kz 16-11-2022 518

image.png

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Шымкент қаласына келді.  Жұмыс сапары аясында сенімді өкілдер "Тассай" индустриялық аймағында орналасқан "ЭКО-Фарм" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Тоқаевтың жақтастары Фахриддин Қаратаев, Бақытбек Смағұл, Жадыра Таңатарова, Айжан Наимбекова, Жамалбек Жораев, Тахирбек Нишанбаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көзделген кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына, cайлауалды еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі міндеттерге ерекше назар аударды. 

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС өкілдері де сенімді өкілдердің ойларына қосылып, елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған саясатқа қолдау білдірді. Компанияның белсенді дамып келе жатқандығын, өндіріс кеңейіп жатқандығын жеткізді. Компания қызметкерлері еңбек адамына қамқорлық, қолдау болатынына шын жүректен қуанды. 

Жиын соңында кәсіпорын ұжымы ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіріп, спикерлер барлық қазақстандықтарды елдің болашағы үшін маңызды саяси оқиғадан тыс қалмауға шақырды.

Айта кетейік, "ЭКО-ФАРМ" ЖШС медициналық арнайы киімдерді, оның ішінде бір рет қолданылатын және көп рет қолданылатын қорғаныс арнайы киімдерін, сондай-ақ көп рет қолданылатын медициналық дәке маскасын тігумен айналысады. "ЭКО-ФАРМ" ЖШС "СК-Фармация" ЖШС бірыңғай дистрибьюторымен ұзақ мерзімді шарт жасасты, оның шеңберінде көп рет қолданылатын және бір рет қолданылатын қорғаныс арнайы киімдерін жеткізіп тұрады. Осы жылы серіктестік өндірісті кеңейтті. Жаңа цех салынды, қосымша жабдықтар сатып алынды. Жобаны іске асыру өндірістік қуаттылықты едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Мұнда жыл сайын 600 мың дана қорғаныс жиынтығы, 100 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 500 мың дана медициналық киім шығарылуы мүмкін. 

«Бизнесті қорғаудың экожүйесі» атты жаңа жоба іске асырылуда
Барлық күш кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу