Бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға ерекше мән берілуде

Oinet.kz 15-11-2022 475

image.png

Таяуда  Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен  өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткен болатын.  Кездесу салалық қауымдастықтардың, құқық қорғау және қадағалау органдарының қатысуымен өтті. Сондай-ақ жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов те қатысты. Кездесудің модераторы Өңірлік кеңестің төрағасы Қайрат Молдасейітов болды.

Жиында жергілікті кәсіпкерлер жиі кездесетін кедергілер туралы сөз қозғады.  «Ақсу Корпорациясы» ЖШС-ның директордың орынбасары Дәурен Тілеубаев қалада жүк автомобильдерінің өтуіне тыйым салатын жол белгілерінің орнатылу негізділігіне күмән келтірді.

"Қалада бизнес үшін үлкен проблема жүк көліктерінің қозғалысы. Металл конструкциялары, гофрленген тақталар, металл бұйымдары және басқа да тауарлар сияқты ірі габаритті бұйымдар шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл бұйымдарды қала шегінде салынып жатқан объектілерге жеткізуі керек. Алайда, бұл кәсіпорындар күн сайын, біздің ойымызша негізсіз қойылған 3.4 «Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» тыйым салу белгілеріне байланысты жүк көліктерінің қозғалысы проблемасына тап болады. Мысалы, бірнеше өндіріс орналасқан 4 шағын ауданда тауарларды түсіру және тиеу үшін біздің кәсіпорынға баруға мүмкіндік жоқ, ал бұл жағдай компанияның жұмысына кедергі келтіреді. Барлық жолдарда бұл белгілер орнатылған, шын мәнінде, біздің өндіріс алаңына баратын жол жоқ. Бізге тауарларды тиеу үшін басқа да жеке жүк машиналары келеді. Осы жағдайда көмек сұраймыз", - деп атап өтті Дәурен Тілеубаев.

Шара барысында кәсіпкерлер өзге де мәселелерді көтеріп, мамандардан тұщымды жауаптар алды. 

Айта кетейік, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыруды бастады. Экожүйе шеңберінде бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу фактілерін азайтуға және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде артық әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда. 

Кәсіпкерлер жер мәселесін қозғады
«Бизнесті қорғаудың экожүйесі» атты жаңа жоба іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу