Кәсіпкерлер жер мәселесін қозғады

Oinet.kz 15-11-2022 412

image.png

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесуінде қаланың кәсіпкерлері біраз мәселелерді қозғады. 

 «Arnatex» ЖШС-ның директоры Әбілқасым Айтжан АЭА және ИА жер учаскелерін қосалқы жалдау мәселесін айтты: «2019 жылғы 3 сәуірдегі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңға сәйкес жер учаскелері АЭА басқарушы компаниясына жалға беріледі. Басқарушы компания өз кезегінде мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін АЭА қатысушыларына қосалқы жалға береді.

Осыған байланысты, қосалқы жалға алынған жер учаскелерінде салынған объектілер ҚР Жер кодексіне сәйкес мәмілелер жасай алмайды және өз құқықтарын басқа пайдаланушыларға бере алмайды. Басқаша айтқанда, кәсіпорындарды кредиттеу кезінде Екінші деңгейдегі банктер АЭА аумақтарында салынған объектілерді кепіл ретінде қарастырмайды. Сонымен, бұл кәсіпорындардың одан әрі дамыту үшін несие алу мүмкіндігі жоқ. Осылайша, салынған көпмилионды Инвестициялар әрекетсіздікте, АЭА қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметке инвестицияларды жүзеге асырған инвесторлар ретіндегі құқықтары бұзылады», деді ол.

«Орталық Азия және Қазақстан Құрылысшылар одағының» Вице-президенті Рахманәлі Оразбаев жер қатынастары саласындағы жүйелі проблемалар мәселесін қозғады. Айтуынша көптеген кәсіпкерлер аукционда бизнесті кеңейту үшін қажетті жер учаскесін сатып ала алмайды, өйткені қалада аукциондар өткізу жиілігі жоқ. «Егер әкімдікке жер телімдерін беру туралы 500 - ге жуық өтініш түссе, ағымдағы жылдың шілде айында өткізілген аукционға тек 12 жер телімі шығарылды, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, аукциондар өткізілмеуінің себебін тиісті басқармалар Шымкент қаласының аумағында сатуға дайын жер телімдерінің болмауымен түсіндіреді. 

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 мамырда бизнес-қоғамдастықпен кездесу барысында, әкімнің прокуратураның қатысуымен бизнес өкілдерімен тоқсан сайынғы кездесулерін өткізу қажеттілігі туралы айтқан тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.


Шымкентте кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін салалық байланыс топтары құрылады
Бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға ерекше мән берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу