Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жеке клиникалардың мәселелері талқыланды
Жақында Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы денсаулық сақтау комитетінің жиынында жеке медициналық ұйымдардың басшылары жұмыста кездесетін проблемаларды атап өтті. Жиында жеке клинакалар қызметіне тарифтер мәселесі көтерілді. Кәсіпкерлердің пікірінше тарифтер тым төмен.
«Қызметтердің өзіндік құнына да ақталмайды. Жеке медициналық мекемелерде бағаға шығынның бәрі жатқызылады, ал мемлекеттік медициналық ұйымдарда экономикалық артықшылық бар: ақылы қызметтердің құнына негізгі құралдардың құны, оларды күтіп-ұстау шығындары, қызмет көрсетуші персоналға арналған шығындар кірмейді, бұл медициналық қызмет құнының шығын бөлігінің төмендеуіне әкеледі. Мемлекеттік медициналық ұйымдар қаржыландыруы ТМККК шеңберінде жүзеге асырылатын жабдықтар, шығыс материалдары, уақыт пен еңбек ресурстарын пайдалана отырып, ақылы қызметтер көрсетеді. Қатысушылар нарықтық қаржыландыру көздерінен шығыстардың барлық бабын жабады. Бірақ жеке клиникалар – алға ілгерілеу және даму үшін ақша табуы керек бизнес субъекті. Әрине, инвестор салынған инвестицияны қайтаруы керек», – деді Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Бекайдар Нұрмашев.
Спикер көп жағдайда жеке медициналық ұйымдар мемлекеттік органдарға проблемаларын жеткізе алмайтынын атап өтті. Осы мақсатта комитет құрылды. Алдағы уақытта отырыстарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар да шақырылатын болады.
Жалпы, кездесуге қатысушылардың талап-тілегі: жеке денсаулық мемлекеттік қолдауды күтпейді әрі қажет етпейді, тек олардың дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді алып тастауды сұрайды.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жеке медицинаның белсенді дамуы жалпы денсаулық сақтауды жаңғырту процестеріне пайдалы әсер етеді. Алайда, бұл бір шартты қатаң сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады: мемлекеттік органдармен белсенді диалог керек. Өйткені бұл шара ресурстарды пациенттердің игілігі үшін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Б.Нұрмашев.
Шымкент ӨКП директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев өз кезегінде барлық айтылған проблемалар Мәселелер тізіліміне енгізілетінін және денсаулық сақтау министрлігіне дейін әр түрлі деңгейде ілгерілейтінін атап өтті.