Шымкенттік кәсіпкерлерді қандай проблемалар толғандырады?

Oinet.kz 15-11-2022 418

image.png

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Шымкент қаласына сапары аясында жеке қабылдау өткізіп, жергілікті бизнестің проблемалық мәселелерін қарады.

«Қазақбитум» ЖШС-нің бас директоры Ержан Бейсенбаев Шымкентте локомотивтердің жетіспеушілік проблемасын көтерді, бұл өңір экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде.

«Біздің компания Ресейден битум әкеледі. Ресей шекарасынан Шымкентке дейін шикізаты бар вагондар 3-4 күн жол жүреді, ал Шымкент станциясынан Тоғыз станциясына дейін кем дегенде 5 күн жүреді, кейде тіпті одан да көп уақыт кетеді! Теміржолшылардың айтуынша, оларда бүкіл өңірде бір ғана локомотив бар және оның өзін өзге қажеттіліктер болса, бірден алып қояды. Осыған байланысты бізде зауыт жиі тоқтап тұрады, ал жаңадан іске қосу үшін тағы 2-3 күн қажет. Қала қажетті битум көлемін ала алмайды, соның салдарынан өңірде оның тапшылығы пайда болды. «Қазақстан Темір Жолымен» Шымкенттегі локомотив тартымын қамтамасыз ету бойынша мәселені шешуді сұраймыз», - деді кәсіпкер.

Бизнес-омбудсмен Шымкенттен ҚТЖ жұмысына, атап айтқанда, локомотивтердің жоқтығына, вагон ағындарының дұрыс бағытталмауына, астық тасығыштардың жетіспеушілігіне және т.б. шағымдар көп түсетінін атап өтті. Жалпы елде тауарды тасымалдау жылдамдығы алты есе төмендеді, бұл экономиканың дамуына кері әсерін тигізеді.

«Бұл жергілікті деңгейде шешілмейтін үлкен жүйелік мәселе. Келесі аптада біз осы мәселе бойынша ҚТЖ басшылығымен кездесуді жоспарлап отырмыз, кездесуге монополияға қарсы агенттікті, Индустрия және сауда министрлігін шақырамыз. Қандай шешімге келгеніміз туралы бизнесмендерге жеке есеп береміз», - деп атап өтті бизнес-омбудсмен.

Сонымен қатар, қабылдау кезінде кәсіпкерлер субсидияларға, контрабандаға салық салу және ішкі нарықты қорғау үшін демпингке қарсы айналы шаралардың қажеттілігі туралы мәселелерді көтерді.

Үшінші мегаполисте кәсіпкерлер марапатталды
Қосылған құн салығы экспорттық әлеуетке кері әсерін тигізуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу