«Жасыл Қазақстан» жобасы су шаруашылығына арналған инфрақұрылымды күшейтпек

Oinet.kz 14-11-2022 243

image.png

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимаратында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің  Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті. Шарада министр қаланың бүгінгі экологиялық ахуалына тоқталып өтті. 

«Космомониторинг аясында барлығы 45 жерде заңсыз төгілген қоқыс үйінділері анықталды. Әкімдік ақпаратынша, барлығы да толықтай дерлік жойылды. Бұл ретте, аумақты тазалауды тиісінше ұйымдастырмағаны үшін Экология департаменті қаланың 4 ауданы әкімдерінің орынбасарларын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кездейсоқ қоқыс үйінділерінің пайда болуының негізгі себебі – аймақтардағы құрылыс қалдықтарын басқару бойынша  инфрақұрылымның нашар дамуы. Осыған байланысты әкімдік құрылыс қалдықтарын қайта пайдалану тәжірибесін қолдану арқылы осы қалдықтарды қайта өңдеуге арналған инфрақұрылымды жолға қоюы қажет. Жалпы коммуналды қалдықтарды басқару бойынша да нақты бағдарлама әзірлеп, бекітуі керек», – деді  министр. 

Министр Серікқали Брекешев су шаруашылығы саласындағы мәселелерге де тоқталып өтті. Айтуынша, министрлік су ресурстарын басқаруды қайта қарауды қолға алыпты. Мұнда екі түрлі бағытқа назар аударылады.

«Біріншіден, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру аясында су дипломатиясы мен су заңнамасын жетілдіреді. Жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр. Жоба мәтінін министрлк сайтына жариялаймыз. Қандай да бір ұсыныстар болса, жолдай аласыздар. Сондай-ақ, осы бағыт бойынша су ресурстары комитетінің, оған бағытысты мекемелер мен ғылыми ұйымдардың әлеуетін арттырып, кадрлар даярлау бойынша жұмыстар жүргіземіз. Ал екінші бағытқа келсек, мұнда суға деген сұранысты басқару болып отыр. «Жасыл Қазақстан», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту»  ұлттық жобалары шеңберінде су шаруашылығына арналған инфрақұрылым салу және реконструкция жасау, табиғи су объектілерін сақтау мен қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, еліміздің су-ресурст әлеуетін бағалау және болжау жоспарланды. Суға тарифтер қайта қарастырылады. Осылайша, су саласындағы негізгі мақсат – еліміздің су ресурстарын сақтау мен  оны ұтымды пайдалану, экономика мен қоршаған орта қажеттілігінің теңгерімін қамтамасыз ету мәселелерін шешу», – деді министр Брекешев. 

Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі жоғарылаған
Биыл Шымкентте 166,3 мың дана ағаш отырғызылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу