Экология министрі Шымкентке келді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимаратындағы мәжіліс залында ұйымдастырылған кездесуге 100-ден аса адам келді. Дені – қала тұрғындары. Арасында үкіметтік емес ұйымдар мен түрлі экологиялық ұйым мүшелері де бар.
Әуелі министр Серікқали Брекешев ел және Шымкент қаласы бойынша Министрлік жетекшілік ететін салалардың дамуына тоқталып, қысқа шолып өтті.
Оның айтуынша, экологиялық мониторингке сәйкес, Шымкент қаласы ластану деңгейі жоғары қалалар қатарына жатады екен. Бірақ басқа ірі қалалармен салыстырғанда экологиялық жағдайы тұрақты саналады.
Шымкент қаласының экология мәселесіне талдау жасай отырып, аауа қүрамы мен су ресурстары ластауы, құрылыс қалдықтарын басқару жүйесі жоғын анықтадық. Шымкент қаласын ірі ластаушы нысандардың бірі – «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауыты. Бұл зауыт толықтай дерлік жаңғыртудан өтіп, табиғатты қорғау бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Мәселен, тазарту қондырғырғыларын жаңартып, күкірт өндіретін қондырғыны іске қосты. Атап айтсақ, 2015 жылы қуаттылығы жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылды. Екіншіден, жаңғыртудың 2 кезеңі шеңберінде өнімділігі жылына 15000 тонна күкірт өндіру кешені пайдалануға берілді. Үшіншіден, тазарту құрылғыларын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Соның әсерінен, кері осмос қондырғысындағы ағынды суларды тазарту таза суды жылына 1,5 млн текше метрге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, мұнай шламын қайта өңдеу торабы салынып, пайдалануға берілді. Мұнай шламын бөле отырып, декантерлік қондырғыда мұнай шламын қайта өңдеу көзделген. Бесіншіден, тазартылған сарқынды суларды өртке қарсы жүйеге қайтару жүйесі енгізілді. Әсері: таза (техникалық) суды 30 пайызға дейін үнемдеу. Жаңғырту объектілері бойынша су тұтынуды қысқарту жалпы 9-12 пайызды құрайды, – деді министр.
Оның айтуынша, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларды 2025 жылға дейін 20 пайызға төмендету көзделіп отыр.