Қала тұрғындары мен белсенділер ағаш отырғызды

Oinet.kz 14-11-2022 300

image.png

«Ағаш отырғызу – сауапты іс». Дәл осы тақырып аясына топтасқан «Ассамблея жастары» мен этномәдени бірлестік өкілдері «Шымсая» шатқалына тал екті. Сауапты істен құр қалмауға тырысқан жергілікті басқарма қызметкерлері мен еріктілер де сол жерден табылды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысында орман қорында 2 миллиард, ал, елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі бастамасын қолдаған  «Ассамблея жастары» мен этномәдени бірлестік өкілдері сенбі күні «Шымсая» шатқалына тал екті. Өздеріне берілген аумақты 1,5 сағаттың ішінде аяқтаған жастар жағы өзгелерге де қолғабыстарын тигізуде.

Акция аясында шатқал маңына 4000-ға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Осы орайда, сауапты істен құр қалмауға тырысқан жергілікті басқармаларға қарасты мекеме қызметкерлері қолдарына күрек алып, мегаполистің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

«Шатқал, ондағы жайқалған ағаштар көркемдік жағынан бөлек қаланың атмосферасының жақсаруына әсерін тигізеді. Әрі осындай жерде отбасыңмен серуендеген әдемі емес пе? Өз басым тал егуге, тазалыққа келгенде әрқашан белсендімін. Біздің театрдың қызметкерлері де осында акцияға қатысы, тал екті. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш»,- дейді  Шыымкент қалалық «Опера және балет театрының басшысы Майра Мұхамедқызы. 

11 гектар алқапты алып жатқан «Шымсая» шатқалына осы күзде 8 мыңнан астам ағаш көшеттерін осырғызу көзделген екен. Бүгінде мұнда, 700-ге жуық көгеріп тұрған тал бар. Олар өткен күз бен көктемде егіліп, 4 ұңғыма арқылы суғарылуда.

«Бұл жолы тек терек отырғызылып жатыр. Бірақ алдағы таңда жабайы өрік, қарағаш, глядичия секілді ағаш көшеттерін отрығызамыз. Ағаш отырғызатын орын трактормен қазылып арнайы даындалып қойды. Егіліп жатқан көшеттің барлығы бюджеттен сатып алынбаған. Өзіміздің тұқымбақтағы тұқымнан өсіп шыққан көшеттер. Алдағы жылдары тұқымбақты кеңейтуді жоспарап отырмыз»,- дейді  Шымкент қалалақ жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Сейітжанов. 

5 қарашадан басталған жаппай ағаш егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нәтижесінде, қала аумағына жалпы 160 696 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде: Дендросаябақ аумағына 5000 көшет, аудан әкімдіктерімен көше бойларына 35 696 көшет, «Жасыл белдеу» КММ жерлеріне 120 000 көшет.

Шымкентте халықаралық сауда орталығы ашылады
Экология министрі Шымкентке келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу