Берік, төзімді шыныларды Шымкенттен табуға болады
«Dana Trade» –Шымкенттегі жетекші компанияның бірі. Алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды қолдана отырып, Ресейден әкелінген шыныларды өңдеп терезе шығарады. Бағасы қалтаға қонымды. Кәсіпорын айына 10-15 мың шаршы метр шыны шығарады. Өндірістегі жаңашылдық: мұндағы әйнектердің төзімділігінде. Яғни жылу өткізгіштік қабілеті жоғары. Жылдың 4 мезгілге лайықталған. Үнемі ауа температурсын бірқалыпты ұстайды. Қазіргі таңда өнімге сұраныс жоғары. Әсіресе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан тапсырыс көп. Зауыт басшысының айтуынша, Түркістан облысындағы мемлекеттік ғимараттардың 80 пайызы дәл осы кәсіпорыннан шыққан шыныларды пайдаланған екен.
«Бізде бір «Мастер» атты бірегей аппарат бар. Тапсырыс түскен жағдайда шыныға адамның суретін түсіре аламыз. Қазақстанның белгілі бір өзінің стандарты бар. Мемлекеттік стандарт сапасына сай. Оны ай сайын тексеріп отырады. Әр обьектіге барған кезде тапсырыс берушілердің өздерінің қабылдап алатын адамдары тексеріп алады. Сапасы стандартқа сай»,- дейді «Dana Trade» ЖШС зауытының басшысы Бақтыбай Ілиясов.
Аталған зауыт 2015 жылы мемлекеттік бағдарламаның демеуімен іске қосылған. Аумағы 6 гектар. Жылдық қуаттылығы 180 000 м шаршы метр. Кәсіпорын ашылғанда мемлекет тарапынан көмек ретінде 780 миллион теңге қаржы бөлінген, бүгінде зауыттың құны 1.5 миллиард теңгені құрап отыр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы заманауи. Яғни шетелдер арнайы тапсырыспен әкелінген құрылғылар.
Айтып өтейік, Ресей мемлекетінен әкелінген шыныларды өңдеу ең алдымен кесуден басталады. Содан кейін жиектерін өңдеп, балқыту үшін 780 градустағы арнайы пешке салынады. Осы пештің арқасында шыны сапалы болып, ауыр салмақты көтеруге қауқарлы болады.
«Осында жұмыс жасап жатқаныма 5 жыл болды. Жұмыс өзіме ұнайды. Қауіпсіздік ережелері сақталған. Екі жарымнан бес метрге дейін шыны салынады. 60-80 градус температурада шыны жүреді. 4, 5, 6, 8, 10, 12-лік шыны салынады»,- дейді зауыттың операторы Әділжан Мұхамеджанов.
Бүгінде зауытта 136 адам жұмыспен қамтылған. Олардың жартысы қала ішінде орналасқан офисте. Екі ауысымға бөлінген жұмыс уақытының әрбірінде 32 маман жұмыс істейді. Мұнда басшылық қызметкерлерді үшін арнайы демалатын орын, үш мезгіл тамақпен қамтып, жоғары жалақы тағайындап отыр.