Халықтың сұранысын қанағаттандырып отыр
«Nefis Group» серіктестігі Шымкент қаласын кофе және қант өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған фабрика. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық аймақтарына да тауарлар тасымалданады. Мұнда айына 40 тонна қант пен 10 тонна кофе тауарлары шығарылады.
Мұндағы қант толықтай отандық шикізаттан жасалады. Ал кофенің құрамындағы заттар Индонезиядан әкелінеді. Барлығы да табиғи таза өнімнен дайындалады. Мұндағы кофенің түрі 3 бөлек өнімнің 1 бүтін нұсқасы. Яғни, қант, кофе, сүт араласқан. Кішкентай және ірі қорапта. Сондай-ақ, қаппен. Фабрикаға қондырғылар Түркиядан әкелінген.
- Кофеміз табиғи және кілегейлері де сондай. Бізде тек кокостық негізде істелген кілегей қолданылады. Біздің кофенің сапасы жақсы. Бағасы да қолжетімді. Қантымыз да өте жақсы. Бізде істеліп жатқан құрал-жабдықтың бәрі Түркиядан әкелінген, - дейді «Nefis Group» ЖШС бас директоры Әлімжан Убайдуллаев.
«Nefis Group» компаниясы шығаратын кофе мен қанттың бағасы нарықтың өлшемімен алғанда арзан. Фабрика басшылығы алдағы уақытта өнімнің мөлшерін арттырып, экспорттық әлеуетін де қуаттай түсуді көздеп отыр.
«Ордабасы» индустриялды аймағында орналасқан «NEFIS GROUP» компаниясы бүгінде 36 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ел бойынша өндірісте көшбасшы болуды көздейтін компанияның алға қойған жоспарлары да жетерлік. «Қазақстанның үздік тауары – 2022» деп аталатын өңірлік байқау-көрмесінде жүлделі үшінші орынды иеленген компания алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырмақ.
“Жылдам еритін қант пен құрғақ сүт араласқан NEFIS-CAFE 3in1 өзінің хош иісімен ерекшеленеді. Өнім бүкіл әлемде танымал индонезиялық кофенің ең жақсы сұрыптарына негізделген. Жаңа дизайнмен қайта жаңғырған NEFIS-CAFE-нің дәмі оны татып көргендердің таңдайында ұзақ сақталары сөзсіз. Халықтың қажеттілігіне қарай қолға алынған кәсіп болғандықтан, сусынның бұл түріне деген сұраныс күн санап арта түсуде”, – дейді кәсіпорын директоры.
2020 жылы 400, 800 граммдық қанттар шығаруды қолға алған компания ары қарай да ассортимент түрін көбейте түскен. Бастапқыда қант көлемі 14х14 болып шықса, кейіннен 12х12, 16х16 көлемдегі қанттар шығарыла бастады. Одан кейін халықтың сұранысына орай арнайы қаптағы 5 кг, 10 кг-дық қанттар және қаптамадағы қанттар шығару ісі қолға алынды. 2022 жылы өнім ассортименті 11 атауға дейін өскен.