Шымкенттік печеньелерге деген сұраныс өсіп келеді

Oinet.kz 13-11-2022 525

image.png

Шымкенттік «Барыс-2007» ЖШС кондитерлік өнімдер шығарады. Фабрика Қазақстанның Оңтүстік аймақтарындағы нарықтың 10-15%-ын печеньемен қамтамасыз етіп отыр. Желінің қуаттылығы сағатына 700-1000 келі печенье, сонымен қатар «Таралли» және «Торчетти» кондитерлік өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Осылайша отандық азық түлік тауарлары жергілікті өнімдермен толығуда. Тұтас республика бойынша да өнімдері таратылады. Айта кетерлігі Шымкенттік печеньелерге деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді. 

Бұл Қазақстандағы кондитерлік өнімдерді шығаратын үздік фабрикалардың бірі. Қондырғылары Италияда жасалған. Өндіріс желісі  толықтай автоматтандырылған. Мұнда тәжірибелі, білікті мамандар қызмет етеді. 

- Процес қоспа салудан бастап  жалпы қаптауға дейін 2 жарым сағат уақытты алады. Оның бәрі бір цехта бір күнде істеліп бітеді. Шикізатын салу, қоспаға айналдыру, пештен өнімді шығарып бітіру, суытып қаптау жұмыстары бір күнде осы цехта істелінеді, - дейді «Барыс-2017» ЖШС технологы Әсем Шойынова. 

Фабрикада тәулігіне 25 тонна өнім шығарады. Мұнда печеньенің 20-дан аса түрі жасалады. Сондай-ақ, торалли, торчетти атты италияндық өнімдер де бар. 

- Қазіргі таңда шикізат бағасының өсу динамикасына қарасаңыз әлдеқайда өскенін байқайсыз. Маргарин 40%-ға, ұн 10-15%-ға өскен. Біз түсінеміз бұл нарық. Бірақ, сапа мен бағаны сақтап қалуға күш салып отырмыз. Өнімнің құрамын арзан шикізатқа айырбастамадық. Өйткені сапа біз үшін бірінші орында, - дейді «Барыс-2007» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сергей Югай.

Кондитерлік фабрика жалпы жылына 400 мың тонна өнім шығарады. Экспорттық әлеуеті де артып келеді. Қазіргі таңда, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытай елдеріне өнімін жеткізіп отыр. 

«Барлық желі автоматтандырылған, жабдықтарды әлемге белгілі имафорни компаниясынан алдық. Еліміздегі кондитерлік өнімдердің 40 пайызы ресейден жеткізіледі. Сондықтан «Барыс 2007″ серіктестігі өз шикізатынан отандық дайын өнімді шығаруда.  Кондитерлік өнімдердің 70 пайызы тек елімізде сатылып қана қоймай, көрші елдерге де экспортталады»,- дейді «Барыс-2007» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сергей Югай.

«Гаухардың» мектеп формаларына сұраныс жоғары
Мемлекеттік мекеме, банктерді қағазбен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу