«Гаухардың» мектеп формаларына сұраныс жоғары

Oinet.kz 13-11-2022 507

image.png

"Bellasco" - мектеп оқушыларының киім формасын тігетін Қазақстандық бренд. Қазіргі уақытта тұтас Республика бойынша кеңінен танымал, әрі сұранысқа ие және сәнді киім үлгісі шымкенттік фабрикада шығарылады. 

- “Гаухар” тігін фабрикасы 1995 жылдан бері жалпы жеңіл өнеркәсіп саласында әртүрлі өнімдерді өндіру бойынша жұмыс жасап келе жатыр. Бұның ішінде біздер көбіне 2011 жылдан бастап Bellasco деген брендпен мектеп формасын тігіп жатырмыз. (la bella scoloro) итальян тілінен "тамаша оқушы" деген мағына білдіреді. Біздің формалар Италияндық ситльге сәйкестендіріліп жасалынған», - дейді «Гаухар» ЖШС директорының орынбасары Құралай Гилажова. 

Мұнда 100-ден аса тігінші жұмыс істейді. Басым бөлігінің тәжірибесі мол. Жоғары санаттағы мамандар. Фабрикада күніне 500-ден аса киім формасы тігіледі. 

Тігін цехының жетекшісі Баян Қалдыбайқызының айтуынша, матаның сапасы өте жоғары. Бүкіл сападан тексеріліп өтеді. Тігілген форма 2 тексеруден өтеді. Мектеп формасы тігілген матаның сапасы өте жоғары. Мата тез тозбауы және түйіршіктеліп кетпеуі үшін әдейі арналған қоспалармен өнделген. Матаның тығыздығы - 265 гр/м; Құрамы 70% полиэстрден, 30% вискозадан (мақтаның жасанды баламасы) тұрады. "Вellasco" мектеп формасы - Сапа Менеджменті Жүйесі негізінде ИСО 9001 Халықаралық Стандартына сай шығарылады.

Тапсырыстың көлемі әсіресе жаз мезгілінде артады. Қазір мектеп формасына сұраныс көп.  Мұндағы мектеп формасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай жасалады. Ата-аналар мен оқушылардың өздері киімді жоғары бағалап, сапасына дән риза. Оған Bellasco бренді сенімге жеткен талай конкурстар мен марапаттар дәлел.

"Bellasco" брендімен жасалатын мектеп формалары Қазақстанның барлық аймақтарында бар. Арнайы дүкендерде және тапсырыспен сатылады. Бағасы қолжетімді және сапасы жоғары.  

Шымкентте түйе және қой жүнінен шұлықтар тоқылады
Шымкенттік печеньелерге деген сұраныс өсіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу