1- автожол бойына 1785 дана ағаш көшеттері отырғызылды

Oinet.kz 12-11-2022 415

image.png

Технология, өндіріс дамыған заманда адамзат баласы табиғаттан алыстап бара жатқаны ащы да болса шындық. Сондықтан қазір көптеген дамығат мемлекеттер қоршаған ортаны таза ұстауға, зиянын тигібеуге және экологиялық проблемаларды шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстанның да ұстанымы таза әрі жасыл ел. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың басты бағыттарының бірі ретінде көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғау деп белгілеп, 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын бастаған болатын. Көміртегінің жұтылуын арттырып, шөлейттенуді тежеу мақсатында бес жылдың ішінде ормандарға 2 миллиардтан астам ағаш және елді мекендерге 15 миллион ағаш егу жөніндегі ауқымды жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Бұл ауқымды шарадан үшінші мегаполис те қалыс қалып жатқан жоқ. Әсіресе қаланың тазалығы мен көгалдандыруға аса мән берілуде. 

Осы сенбіде Шымкент қаласы Еңбекші ауданында  жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілік 1- автожол бойында өткізіліп, тазалық шарасы Қаратөбе, Базарқақпа, Шаңырақ тұрғын алаптары аумағын қамтыды.

Аталған  жұмыстарға Жастар көшесінің тұрғындары және Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен "Жастар ресурстық орталығының" волонтерлары қатысып, 1785 дана ағаш көшеттерін отырғызды. Сенбілікке жалпы саны 375 адам қатысып, 6 техника жұмылдырылды.

Жасыл аймақтар өзіне жақын жердегі қаланың демалатын өкпесі іспетті. Осы ретте  қала халқының жайлы демалуы мен тынығуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Бұл мекемеге Жасыл белдеуді ұлғайту үшін қаланың бас жоспарына сәйкес 2021 жылға 2500 гектар, 2022 жылға 2500 гектар жер учаскелерін бөлу белгіленген. Қала ішінде орналасқан мемлекеттік орман қорының 752 гектар  жер учаскесі  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №41 қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орман иелену құқығымен берілді. Қазіргі уақытта мекеме атына рәсімделген жер учаскелерінің жалпы аумағы 2235 гектарды құрайды.

Қаланың жасыл белдеуіне жауапты мекеме «Жасыл Қазақстан»  ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Айталық мекемеде орман тұқымбағын дамыту қолға алынып өткен жылы күзде себілген 8,22 гектар сеппелерде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. 

Прогресске жол ашқан кәсіпорын
«Шымсая» шатқалының аумағы кеңейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу